Пайдаланушымен келісім (бұдан әрі- келісім) Kaztube.KZ қызметінің әкімшілігі мен жеке тұлғаның (бұдан әрі –Автор) арасындағы бейне және үн жазба материалдарды (бұдан әрі –Роликтер, мәтіндік хабарларды интернет желісінде http://kaztube.kz (бұдан әрі- Сайт) мекенжайымен WEB-сайтқа орналастыру бойынша қарым-қатынасты реттейді. Осы Келісімге қосылған және бір немесе бірнеше Ролик, мәтіндік хабарды Сайтқа орналастыру үшін жіберген жеке тұлға Автор ретінде мойындалады.
· 1. Автор осы Келісіммен айқындалған шарт бойынша, Сайтта орналастыру үшін Әкімшілікке Роликтер мен мәтіндік хабарлар ұсынады.
· 2. Келісім мәтіні Авторға сайтта тіркелу кезінде көрсетіледі. Келісім ондағы шарттармен Автор келіскен жағдайда, «Пайдалану келісімін қабылдаймын» деп жазылған тетікті басу арқылы күшіне енеді. Әкімшілік Роликтер мен мәтіндік хабарларды Автор осы Келісімге қосылғаннан кейін ғана қабылдайды.
· 3. Ролик орналастыру шарты.
· 3.1. Әкімшілік Роликті Сайтқа осы Келісімде көрсетілген техникалық өлшемдерге сай болғанда ғана орналастырады.
· 3.2. Kaztube.kz жобасы тегін сервис болғандықтан, ұсынған Роликтері үшін Авторға сыйақы төленбейді.
· 3.3. Осы келісімге қосылған және Сайтақ орналастыру үшін Ролик жіберген Автор аталған Роликті еркін пайдалану және оған кең ауқымды қол жетімділік жасау құқығын Әкімшілікке қайтарымсыз негізде (3.7 т. Регламенттелген шектеуді ескере отырып), осы ресурстың ауқымында қандай да бір сыйақысыз береді. Әкімшілік Автордың Ролигі бар бетте жарнамалық баннерлер мен хабарландырулар орналастыруға, жарнама орналастыру мақсатымен Роликті түрлендіруге, сондай-ақ жолдан Роликті өзге де коммерциялық мақсаттарда құқылы екендігімен Автор келіседі.
· 3.4. Осы ресурста жарияланған Роликтерді рұқсатсыз көшіру және пайдалану жауапкершілігін Роликті заңсыз қолданған тұлғалар мен ұйымдар тартады.
· 3.5. Басқаша анықталмағанға дейін Роликке қатысты барлық жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар оны орналастырған Авторға тиесілі. Автор бөгденің шығармашылығын заңсыз пайдалану мен орналастыруға байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен бекітілген жауапкершілік туралы ескертілген. Роликті орналастырған автор оның құқық иегері еместігі анықталған жағдайда бұл Роликтер заңды құқық иесінің бірінші талабымен еркін жариядан алынады.
· 3.6. Роликті орналастыру кезінде Әкімшілік Автордың өзі көрсеткен бүркеншік есімін (ник) көрсетеді.
· 3.7. Сайтта орналастырылатын Роликтерде мынадай нәрселер болмауы тиіс:
· – заңсыз, зиянды, қатер төндіруші, үшінші тұлғаның ар-намысына, ұжданына, құқығына және заңмен қорғалатын мүдделеріне кір келтіретін, жала жабатын, авторлық құқықты бұзатын, озбырлықты немесе адамдарды нәсіліне, ұлтына, жынысына, әлеуметтік белгілеріне қарай кемсітушілікті насихаттайтын, діни, нәсілдік және ұлтаралық араздықты қоздыратын, зорлық-зомбылықты немесе жануарларға аяусыздықты көрсететін, т.т. материалдар.;
· – азшылықтың құқығын шектейтін;
· – тиісті құқығы болмаса да өзін басқа адам немесе ұйымның, қоғамның өкілі ретінде, соның ішінде Kaztube.kz қызметкері, Kaztube.kz иесі ретінде көрсету, сондай-ақ қандай да бір нысанның немесе субьектінің сипаты, негізіне қатысты адастыру;
· – Пайдаланушы заң бойынша немесе қандай да бір келісімшарттық қатынастарға сәйкес жария қылуға құқығы жоқ материалдар;
· – қандай да бір патентті, сауда белгісін, коммерциялық құпияны, коипрайтты немесе өзге де меншік құқықтарын/ авторлық және сонымен аралас үшінші тараптың құқықтарын қамтитын материалдар;
· – арнайы тәртіппен рұқсат етілмеген жарнамалық ақпаратты, спамды, «пирамида" схемаларын, "бақытты хаттарды»;
· – кез-келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтың немесе бағдарламаның жұмысын шектеуге немесе бұзуға, жоюға арналған, рұқсат етілмеген кіруді жүзеге асыруға бағытталған компьютерлік кодтар, сондай-ақ коммерциялық бағдарламалық өнімдерге сериялық нөмірлер енгізілген материалдар, интернеттің ақылы қызметіне рұқсат етілмеген қосылуды жүзеге асыруға арналған логиндер, құпия кілттер және т.с. құралдар;
· – қолданылатын жерглікті, мемлекеттік немесе халықаралық заңдарды әдейі немесе байқаусызда бұзу;
· – өзге пайдаланушылардың жеке мәліметтерін жинау және сақтау;
· – жарнамалық, коммерциялық және насихаттық жазуларды келісімсіз беру;
· – есірткілік заттарды жарнамалау;
· – порнографиялық сипаттағы материалдары бар жазбалар болмауы тиіс.
· 3.8. Әкімшілік Автордың Роликтерін, мәтіндік хабарлары орналастырудан бас тартуға (пайдаланушы шектеуге), егер мазмұны осы Келісім талаптарына қарсы болатын босла, өз қарауы бойынша Роликтерді жоюға құқылы. Бұл ретте, Әкімшілік Авторға мұның себебін түсіндіруге міндетті емес.
· 3.9. Әкімшілік сайттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді, бірақ Автор орнатқан Роликтердің тұтастай немесе жартылай жоғалып кетуіне, жеткіліксіз сапа мен қызмет ұсыну жылдамдығына жауапты емес.
· 3.10. Автор Сайтта өзі орналастырған Роликтерге қатысты толық жауапкершілікте екендігімен келіседі. Әкімшілік Роликтің мазмұнына, заңнама талаптарына сәйкестігіне, тауар белгілерінің, фирма атаулары мен логотиптерінің рұқсатсыз қолданылуына, сондай-ақ Сайтта Ролик орналастырылуына байланысты үшінші тараптың құқығы бұзылу мүмкіндіктеріне байланысты жауапкершілік алмайды. Роликті орналастыруға байланысты үшінші тұлғадан талап түскен жағдайда Автор бұл мәселені өз қаражатымен, өзі реттейді.
· 4. Роликтерге техникалық талаптар.
· 4.1. Роликтер осы тармақта бекітілген техникалық талаптарға сай жіберілгенде ғана Сайтқа орналастырылады. Осы талаптарға сай болмаған жағдайда Әкімшілік Роликті орналастырмауға құқылы.
· 4.2. Ролик ұзақтығы 15 минуттан аспайтын, кең таралған видеоформатта ұсынылуы тиіс. Роликті көру/ қарау бетінде Автордың бүркеншік есімі (ник) мітін түрінде жазылады.
· 4.3. Роликтер Сайтқа пайдаланушының интерфейсі арқылы жүктеу негізінде орналастырылады (басты меню «Жүктеу» ("Загрузка")).
· 5. Келісім Автор мен Әкімшілік арасындағы заңдық міндеттеуші шарт болып табылады және Сайтқа орналстыру үшін Автордың Ролик ұсыну шартын регламенттейді.
· 6. Келісімге байланысты мүмкін болатын барлық дау Қазақстан Республикасының құқықтық нормаларына сәйкес шешіледі.
· 7. Сайтта қандай да бір Роликті орналастыруға байланысты Әкімшіліктің немесе үшінші тұлғаның әрекетінен өзінің мүддесі мен құқығы бұзылды деп есептейтін болса, Автор талабын жолдайды. Ол үшін
info@kaztube.kz мекен жайын хат жолдау керек.
· 8. Пайдаланушымен келісім Әкімшілік тарапынан қандай да бір арнайы ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Келісімнің мейілінше өзекті нұсқасы
http://www.kaztube.kz/Users/Agreement. мекені бойынша бетте орналасқан.
9. Қазақстан Республикасының билік органдары Сайттың қызметін тұтастай немесе бір бөлігін қамтитын құқықтық-нормативтік акті қабылдаған жағдайда Әкімшілік Сайт қызметінде оны жаңа нормаға сәйкестендіруге бағытталған, кез-келген өзгеріс енгізу құқығын сақтайды.