Оқиғаны

Көмек

Сіздер бұл жерден жиі қойылатын сауалдарға жауап таба аласыздар:

Мен өзімнің бейне ролигімді салғым келеді, оны қалай жасауға болады?

Егер, біздің порталымызда өзіңіздің аккаунтыңыз болмаса, онда сайтқа тіркеліңіз.

«Бейнені жүктеу» менюінің пунктіне кіріңіз.

Сіз өз компьютеріңізден бейнені жүктей аласыз. Компьютеріңіздегі бейне файлға жол көрсету үшін Сіз «Шолу» түймесін пайдалануыңызға болады. Немесе бейнені басқа сайттан жүктеуіңізге болады. Ол үшін «Сілтеме бойынша бейне жүктеу» қосымшасын таңдаңыз. Сілтеме веб-беттерінде емес, бейне-файлдың өзінде көрсетілуі тиіс. Flv файлының көлемі 150 Mb-дан артық емес, ал басқа бейнеформаттарда 500 Mb-дан артық емес. Қолданылатын бейне форматтар, мыналар: Windows Media Video, Apple QuickTime, MPEG 1-4, DivX, XviD, 3gp, flv.

Роликтің атын, оның суреттелуін, санатын және тегиін (ролик мазмұнының тақырыбына жақын маңызды сөз) көрсетіңіз.
«Жүктеу» түймесін басыңыз. Осыдан кейін файл сайтқа қосылады, бұл біршама уақытты алуы мүмкін.

Логинді қалай өзгертуге болады?

Сіз логинді өзгерте немесе алып тастай алмайсыз. Сіз тек роликті ғана редакциялай немесе алып тастай аласыз. Егер Сізге басқа ник қажет болса, онда қайтадан тіркеліңіз. Сіздің никіңіздің жанындағы «Шығу» түймесін алдын ала басыңыз. Осыдан кейін тіркеу беттеріне сілтемелер пайда болады.

Ролик алынып тасталды. Аккаунтыңыз жабылып қалды

Егер Сіздің тұтынушы келісіміне толық сәйкес келеді деп есептейтін ролигіңіз алынып тасталса немесе сізге белгісіз себептермен сіздің аккаунтыңыз жабылып қалса, онда кері байланысты пайдалана отырып, Сіз қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Хабарламада сайтта тіркелген өзіңіздің логиніңізді немесе пошталық мекен-жайыңызды міндетті түрде көрсетіңіз, сондай-ақ жағдайды толық етіп жазыңыз.

Бейнероликтерді сайттан көру үшін, не керек?

Сайттан роликтер көру үшін 9.0. тұжырымынан кем емес, орнатылған Macromedia Flash Player плагиннің болуы қажет. Егер, плагин орнатылмаған болса, онда автоматты түрде жүктеу және орнату ұсынылады.


Роликтің ұзақтығы қанша болуы керек?

Ролик неғұрлым қысқа болса, сол жақсы. Тұтынушылар қысқа роликтерді ықласпен көреді. Сіз ұзақ роликтерді бөліктерге бөліп, оларды www.kaztube.kz–ке қоса аласыз.

Қандай үлгідегі роликтерді сайтқа салуға болады?

Сіз: Windows Media Video, Apple QuickTime, MPEG 1-4, DivX, XviD, 3gp, flv форматындағы бейне-роликтерді сала аласыз. Біздің сервис үшін flv - Flash Video бейне файлы жұмыс форматы болып табылады. Басқа бейне-форматтарды жүктеу кезінде бейне конвертациялауға ұшырайды. Конвертациялау қорытындысы бейне түсіріліп алынған кодекке қатысты. Мұндай жағдайда роликті басқа форматта жүктеуге тырысып көріңіз немесе кері байланысты пайдаланып, қолдау қызметіне жүгініңіз.

Теги деген не, және оны қалай пайдалануға болады?

Теги – бұл роликтің тақырыбын анықтауға арналған маңызды сөз. Теги пайдаланушыларға қызықты роликтер іздеп табуға көмектеседі. Тегидің үстіңгі жағына қараңыз, онда пайдаланушылар өз роликтеріне белгі ретінде салатын мейлінше танымал сөзер жинақталған. Сіз ролигіңізді қосқанда ит пен мысық ойнайды. Тегиге Сіз: ит, мысық, жануарлар деп жазуыңыз керек. Бұл жүктеу кезінде «теги» пунктінің көмегімен жазылады. Тегиді міндетті түрде жазыңыз, сонда сіздің ролигіңізді пайдаланушылардың көпшілігі көре алады.

Рейтинг және тұтынушының Беделі деген не?

Рейтинг – бұл сіздің порталдағы белсенділігіңіздің көрсеткіші. Ол жүктелген роликтердің санын, басқа тұтынушылар таңдаған Сіздің роликтеріңіздің санын, басқа роликтерге жасалған комментарийлер мен бағалауларды есепке алады.

Рейтинг мына формула бойынша есептеледі:

R = 10*Nvideo + Nmarks + Ncomments + Nvideo-marks + 5*Nfavarites;

Бұл формуладағы:
Nvideo – жүктелген бейнелердің саны;
Nmarks – пайдаланушылар қойған бейнені бағалаудың жалпы жиынтығы;
Ncomments – комментарийлер саны;
Nfavarites – пайдаланушылар жүктеген және басқа тұтынушылардың Таңдалғандарға қосқан бейнелерінің саны;
Nvideo-marks – басқа тұтынушылардың жүктелген бейнелерді бағалауының жалпы жиынтығы.

Бедел бұл порталды толтырудағы сіздің үлесіңіздің сапалы бағасы. Ол сіздің жүктеген роликтеріңіздің орташа бағасын есепке алады.

Бедел мына формула бойынша есептеледі:

A = Nsumm / Ncount;

Бұл формуладағы:
Ncount – басқа тұтынушылардың автордың ролигін бағалауының саны
Nsumm – басқа тұтынушылардың автордың ролигін бағалауының жалпы жиынтығы.

Өз рейтингіңізді және беделіңізді Пайдаланушы бетінен біле аласыз, онда осы параметр бойынша барлық пайдаланушылардың тізімінен, сондай-ақ өз профиліңіздің беттерінен де тауып аласыз.