Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Кеңесшілер телехикаясы Кез-келген бюрократиялық құрылым өмір прозасы ретінде нақтылауды талап етеді. Алайда біздің қарапайым өмір кинокартинаға сұранып тұратыны ертеректе дәлелденген. Бұған "Кеңесшілер" жаңа комедиялық сериалының авторлары куә болып, киноны нағыз халықтық орын - Халыққа қызмет көрсету орталығында түсіруді ұйғарды. Мүмкін мұнда қандай қызу тірлік пен қандай сұрақтың болмасын шешімі табылатыны әрбірімізге таныс болар! Түсіру алаңына айналған орталықта жігерлі, еңбекқор жігіттер мен қыздар жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысында өз проблемасы, қуанышы бар. Олар ғашық болады. Керісіп қалады. Үзілген үмітін қайта жалғайды. Сериал кейіпкерлерінің бірі - Арман. Ол халыққа қызмет көрсету орталығына жуырда ғана қызметке орналасқан. Аз уақытта көптің сенімінен шыққан. Оның жақсы азамат, жауапты маман, ең бастысы адал адам екенін бәрі түсінді. Бәрі жақсы-ау. Бірақ Арманға тұсау болатын басқа кейіпкер бар. Бақытбек деген. Оның бар ойы кәсіби биіктерге тез көтеріліп, еңбек өтілін жинап алу ғана. Сөйтіп мұнай компаниясына жұмысқа ауысып алуды көксейді. Жас мамандар Жанна Мадиқызы мен Сәкен Ахметұлының тұрақты бақылауында болады. Олар мінездері жағынан мүлде бөлек жандар. Сәкен Ахметұлы нәзік әрі мейірімді адам. Жанна Мәдиқызынан бәрі де үркіп, сескенеді. Ол жалқауларды еркіне жібермейтін жетекші. Әсіресе Берік пен Салтанат секілді кейіпкерлер басты назарына іліккен. Сериал соңында олар өз сенімдеріне сенім артып, жүрек қалауымен отбасы құрады. Әрбір серия қорытындыланған эпизод іспетті.Әрқайсысында жеке немесе кәсіби тұрғыдағы мәселелер шешімін табады. Кейіпкерлер ХҚО-да кездейсоқ жағдаяттар мен адамарға кезігеді. Күлкілі жәйттер, кей кезде драмалық тіпті қалыпқа сыймайтын оқиғалар сериалға қызықты реңк береді.
  • Видео (15)
назад наверх