Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Алғашқы махаббат Хоакин қалталы отбасының ерке баласы, ата-анасының қаражатына сеніп қалған жас жігіт. Кристина – өте кедей отбасының арманшыл қызы. Кристинаға жұмыс керек болса, Хоакинға ол қызметші ретінде қажет. Бір-бірінен айырмашылығы көп екеуін тек жеңіске деген талпыныстары ғана ұқсастырады. Алғашында еркелік пен қырсықтықтан басталған ара-қатынас уақыт өте келе өрбіп, зәулім үйлер мен лашықтар арасындағы екеуінің махаббатына ұласады.Сериалдың көптеген ерекшеліктері бар, әсіресе басты рөлдегі ойыншылардың қызықты, ерекше кейіпкерлері орынды таңдалынып алынған. Актерлер рөлдерін кәсіби сомдап шыққан. Олардың ойыны көп толқыныс тудырады. Күтпеген оқиғалар, эмоциялық сюжеттер көрерменді алғашқы минуттарынан бастап, сериалдың соңына дейін баурап алады.«Алғашқы махаббат» - жүрегіңнің түбіне дейін жетіп, толғандыратын жарқын романтикалық сәттерге толы хикая. Сериалдың драматикалық және комедиялық оқиғалары орынды байланысқан.
  • Видео (0)
назад наверх