Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
«Бәсеке» 2 маусым Арман мен Мақсаттың бәстері аяқталып, ауылдан қалаға оралады. Екі дос тек біріксе ғана, талай шыңды бағындыра алатындарына көздері жеткен соң, жаңа бизнес-жоспарларды ойластырады. Алайда екеуін күтіп тұрған сынақ пен қиындықтар да жетерлік еді. Арман мен Мақсатты бәсекелестірген Алтай Мансұрұлы олардың бүкіл байлығын тартып алып, банкротқа ұшыратады. Ал жаңа жобаны орындау мақсатында жер телімін алу үшін екі дос күтпеген жерден қаланың атақты әрі «қауіпті» кәсіпкердің алдын орап кетеді. Енді олар бұл мәселені қалай шешпек? Жеңіліп үйренбеген жас кәсіпкерлер тығырықтан шығудың жолын қарастырады. Бұл үшін оларға ауылдағы нағыз достары көмекке келеді. Осы жолы олар бизнестегі қарсыластарын жеңе ала ма? Ақша мен мансап қана маңызды роль ойнайтын үлкен қалада кімнің жолы болады?
  • Видео (17)
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх