Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
«Қазақ аруы» телехикаясы Әсел – «Алтын белгісін» алу салтанатына асығып келе жатқан әке-шешесі жол апатына ұшырап, олардың қаза болғаны туралы еститін басты кейіпкер. Қайғылы хабардан соң Әселдің өмірі күрт өзгереді. Тұл жетім болған қыз қатыгез туыстарының қолына түседі. Бойжеткен қыз аяқ астынан мүсәпір күйге түседі. Ата-анасының қолдауы, қасында жанашыр адамның болмауынан Әсел өз-өзіне сенуден қалады. Тағдырдың айдауымен Әсел Баян Мақсатқызы ұйымдастырған «Қазақ аруы» байқауының кастингіне түседі. Кастингке Қазақстанның түкпір-түкпірінен хас сұлулар бақ сынауға жиналады. Бірі бағын сынап жарыққа шыққысы келсе, енді бірі байлығы мен мансабын көрсетіп қалудың айқын жолын іздеп келген. Әсел кастингтан өтеді. Бірақ оның басты қарсыласы бұрын өзімен бірге оқыған Ләззат барлығын істеуге дайын. Сынақтан өтіп, «Қазақ аруы» атын жеңіп алу үшін Әселге не істеу керек? Алған мақсатынан қайтпауға кім көмектеседі?
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх