Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
«Қария» телехикаясы Атауы айтып тұрғандай бұл қарттар мәселесін қозғайтын картина болмақ. 80%-ы шындыққа негізделген туынды қарттар үйінде өмір сүретін тұрғындардың талайлы тағдырын суреттейді. Оқиға желісі бойынша безбүйрек бала алпыстан асқан әкесін Қарттар үйіне тапсырады. Сағы сынған қария ұлынан көрмеген жылуды аталмыш мекеменің қабырғасынан іздейді. Алайда бұл жерде де жағдай мәз емес болатын. Дегенмен, басты кейіпкер Әбілғазы қария жас кезінде тергеуші қызметін атқарған. Сондықтан туындаған мәселелерді шешуге бел буады. Ол үшін материалдық құндылықтар ешқашан бірінші орында болмаған. Мінезі тік, жұмысына және айналасындағы адамдарға өте адал, сабырлы, батыл және еңбекқор Әбілғазының рөлін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Қаптағай сомдайды. «Мен Әбілғазы деген кісіні ойнаймын. Өте ауыр рөл. Фильмдегі негізгі мәселе Қарттар үйі, сол жердегі тағдырлар, сол жердегі адамдар. Көп нәрсені қарттармен сөйлесіп, қарттар үйінен көрдік. Ондағы азаматтардың 90%-ы өзіміздің қазақтар. Өз кейіпкерім арқылы осы күрделі мәселені көрсеткім келеді» дейді Бауыржан Қаптағай.
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх