Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
«Мезгілсіз махаббат» телехикая Дәрмен ақсақал елордаға жақында көшіп келді. Астанада жұмыс істейтін кіші баласы Әли үйлі-жайлы болғаннан кейін қолына көшіріп алып келді. Үлкен ұлы Сағи ауылда тұрады. Дәрменге қаланың жайлы қонысы ұнайды. Әйтсе де араласатын қатары жоқ, күн ұзақ есіктің алдында отырады, іші пысады. Кейде ауылға да қайтқысы келіп оқталып қояды. Ауылды сағынып, екі ойлы болып жүргенде, көрші подъезде тұратын түр сипаты келіскен, оны-мұныдан хабары көп Ғалия есімді құрдасымен танысады. Ғалия апамыз алпысқа келсе де, сыры кетпеген саптыаяқтай әлі де кербез, жүріс-тұрысы тың. Қаланың жағдайын жақсы біледі. Бұрын Целиноградта ЦУМ-да көп жылдар «заведущий» қызметін атқарған. Дәрмен ақасақалға апамыздың тура сөйлеп, тез шешім шығаратын қасиеті ұнай бастайды. Дәрмен шал өзінен зор шыққан апамыздың арбауына түсіп, ауылға деген желігі басыла бастайды. Ақсақалдың иіссуын сеуіп алып, «серуендеп келемін» деген сылтаумен сыртқа шығып кетуі көбейеді. Әкесінің жайын түсінген ауылдағы үлкен ұлы жұрттың әңгімесіне қалмай тұрғанда, шалды ауылға қайтаруға шешім қабылдайды. Бірақ енді ақсақалдың Астанадан кеткісі жоқ. Ғалия апамызбен әңгімелері жарасып, балшекер жастық шағы қайта жаңғырғандай күй кешіп жүр. Таразының бір жағында балалары, бір жағында Ғалия. Ары тартса, арба сынып, бері тартса, өгіз өлетін қиын бір күйге душар болады.
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх