Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Үш бектік | Three Kingdoms | Троецарствие Қазақ тілінде 95 сериялы "Үш бектік | Three Kingdoms | Троецарствие" Қытай телехикаясы Шығыс хан патшалығының тұсында сарышықтылар көтерілісі бұрқ ете түсіп, сегіз айдан кейін тынышталды. Алайда сіңісті дағдысын өзгерте алмаған Ұлы хан патшалығы бұнымен оңала қойған жоқ. Заманымыздың 189-жылы 14 жасында Лю Би Яң таққа отырды. Оның нағашы жұртынан билік ұстаған тай саңғұн Ха Джиң сарай әтектерінің теңдігін түгел талқандау үшін Ян Шаудың насихаты бойынша Дон Жоға қол бастап Елордаға кіру туралы құпия бұйрық берді. Үш бектіктің жүз жылдан асқан аласапыран билік таласы міне осылай басталды. Заманымыздың 189-жылы Доң Жо Люби Яңды биліктен тайдырып, Шяң Люяң Лю Сияны таққа отырғызды. Ол Хан Щяң Лю атанып, Доң Жо өзін бас уәзір атап, патшалықтың бар билігін уысына түсіріп, дүйім халықтың қанын қайнатты. Сонан бүкіл Ел көлемінде ӘДІЛЕТ КҮРЕСІ БАСТАЛДЫ.
Новости Казахстана: последние новости онлайн
назад наверх