Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Сұлтан Бейбарыс. Телехикая Тақтан бас тартып, туған өлкесіне қайтып келген Мысыр патшасы – Сұлтан Бейбарыс Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны. Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихындағы аса ғажайып тұлға. Бейбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды. Ол сол кездің көптеген алыс-жақын мемлекетімен қарым-қатынас орнатты. Сұлтан Бейбарыс сол дәуірдің озық үлгісімен көптеген зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, медреселермен емханалар, биік қорғандар мен қамалдар салдырды. Олардың бірқатары бүгінге дейін сақталған. Қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған сұлтан кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп, қамқорлығына алып отырған. Ол король Луис тоғызыншының жетінші крест жорығын тойтарған даңқты қолбасшы, парасатты мәмілегер, Мысыр империясының негізін қалаушы.
  • Видео (30)
назад наверх