Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Бешбармақ шоу Ет етке, сорпа бетке! Жобаға қатысушылар ет пен жаймадан хабары бар қарапайым тұрғындар. Әркім өзін және туған өлкесінің мәзірін байтақ елімізге паш ете алады. Дайындалу мүмкіндігі бірдей болғанымен, піскен екі тағамның дәмі бірдей болмайды. Қай қазанның асы тіл үйіретінін қазылар алқасы анықтайды. Дәмді жобаға одан да "дәмді" жүргізушілер көрік қосады. Белгілі актриса, «Тамашаның» тарланы Лидия Кәденова еттің бабын, әнші Нұрлан Абдуллин сорпаның дәмін баптайды. Әдетте дастархан басы әңгіменің тиегі ағытылатын жері. Қазақтың ұлттық тағамын әзірлеудің жөн-жоралғысы мен сыбаға үлестіру дәстүріне қатысты пікірсайыс КТК арнасындағы жаңа аспаздық ток-шоудың ажырамас өзегі. Сайысқа қатысатын әрбір 16 аспаздың сенімді серігі болуы шарт. Қалай десек те, қазақтың төл дәстүрін, ұлттық асын көрсететін жоба бастау алды. Кімнің қолынан шыққан дәм тіл үйіреді, нағыз бешбармақтың хас шебері кім, бәрінен бұрын шоуға келіп, үйіне жеңіл көлікпен қайтар бақытты кім десеңіз, әр аптада сенбі күндері КТК арнасынан «Бешбармақ шоуды» жіберіп алмаңыз!
  • Видео (0)
назад наверх