Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Сырласу (Жаңа шығарылымдар) Түнгі уақыт – өз өзіңмен қалып, күнделікті дүрбелеңнен бой суытып, бірді екілі дос-жаранмен риясыз әңгімелесетін қолайлы шақ... Дәулетті елордамыздың әсем сәулетімен безендірілген «Сырласу» студиясы арна көрермендерін бей-жай қалдырмайтыны анық. Жүргізуші бағдарлама кейіпкеріне сан алуан сауалдар қоя отырып, жан түкпірінде жасырынып жатқан шынайы жауаптарды естігісі келеді.Сондай-ақ, бағдарлама қоржынына келіп түскен көрермендер сауалдары мен пікірлері де ескерусіз қалмайтыны атап өткен жөн. Бағдарлама соңында келген қонақтың психологиялық портретін жасап шығаратын шағын тест, бірер сауал қойылуы заңды. Бағдарламаға шоу-бизнес өкілдері, спортсмендер, журналистер, қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалар шақырылады. Бағдарламаның авторларына қоятын сұрақтарыңыз бен тілектеріңізді мына е-mail: syrlasu@astv.kz жолдаңыз.
назад наверх