Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Ұзақ жол Телехикаядағы оқиғалар өмірден алынған. Ол фильмнің басты кейіпкерлері Жанар мен Амантайдың айналасында өрбиді. Ауылда көрші тұрған екі жас Алматыға келеді. Қаланың қарбалас тіршілігіне бірден бейімделе алмай, шытырман оқиғаларға тап болады. Амантай қалаға әкесін іздеп келеді, әрі өзі ұнатып жүрген Жанарға қамқоршы болмақ. Ал, актриса болуды армандаған Жанар өнер институтына түспек болады. Бір қызығы, телехикаяда өнер институтына келген бойжеткенді түсірілім күні оны ойнаған жас актриса Ләйланың да шын мәнінде осы оқу орнына емтихан тапсыруымен сәйкес келіпті. Қоғамда жиі кездесетін сатқындық пен арамдық фильмнің негізгі тақырыбы етіп алынған. Ауылдан келген ақкөңіл Жанарды Талғат деген продюсер өз дегеніне көндіргісі келеді. Бұл рольді театр актеры Нартай Сәрсебаев ойнайды. Туындының қоюшы режиссеры – Азат Сейітметов. Телехикаядағы негізгі кейіпкерлер Мәдина, Мұса мен Айсұлу да өмірдің қиындығын көп көреді. Олардың тағдыры қылмыстық оқиғалармен астасады. Фильм соңында Жанар мен Амантай ауылға оралып, қайта қауышады. Шығармашылық топ телетоптама көрерменді өмірде жиі кездесетін әрқилы оқиғаларымен қызықтырады деген сенімде. Продюсері: Әлмири Қарпықов Режиссері: Азат Сейітметов Басты рольдерде: Ләйлә Тілеуова, Мадина Есманова, Гүлбахрам Байбосынова, Қуаныш Мамытқалиев, Азамат Сатыбалды, Болат Әбділманов, т.б..
назад наверх