Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
БІЗ БІРГЕМІЗ Әлеуметтік-қайырымдылық жоба материалдық және моральдық көмек пен қолдауға зәру адамдар арасындағы байланыстырушы болуды көздейді. Бағдарламаның атауы қоғамды көптің көмегіне мұқтаж жандардың тағдырына жанашырлық танытып, үлес қосуға, азаматтық, жалпы адамзаттық және альтруистік қадамға баруға шақырады.Біздің бағдарламаның арқасында көрермендер кімге көмек керек екені туралы уақтылы толық ақпарат ала алады. Әрбір сюжетте күрделі ауруға шалдыққан немесе жай ғана адамдар көмегіне зәру балалар туралы әңгімеленеді. Сондай-ақ жетім, тастанды немесе мүгедек балалар тұратын нақты бір балалар мекемесінің проблемалары көтеріледі. Көрермен бағдарлама қонақтары қандай көмекті қажет етеді, көмек көрсету үшін қанша қаражат керектігі туралы ақпарат алады.Бағдарлама авторларына қоятын сауалдарыңыз бен талап-тілектеріңізді birgemiz@astv.kz электронды поштасына жіберуге болады.
  • Видео (62)
назад наверх