Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Санжар мен Қайсар телехикаясы «Санжар мен Қайсар» - балаларға арналған отандық тұңғыш телехикая. Телесериал өмір жайында өз түсінік-пайымы қалыптасқан Санжар мен Қайсар есімді мейірімді, өткір де өжет ағайындылар туралы. Санжар – оқымысты, білімдар болса, Қайсар – топ бастайтын мінезді бала. Екеуін ортақтастыратын қасиет – жаңалыққа құштарлығы, еркіндігі әрі еркелігі. Ағайындылар әр серия сайын қызықты, тіпті, таңғажайып оқиғаларға тап болады. Оқиғаның қызығы да – олардың осы шырғалаңнан қалай құтылып шығатындығында. Олар бірде Айдаһардың тілін тапса, бірде «Алтын киімді адамның» жоғалған жәдігеріне кез болады. Бірде қалың орманда адасып жол тапса, бірде өзгеғаламшарлықтардың сырын аша жаздайды. Олар өз қателіктерінен әрдайым лайықты қорытынды шығарып, көрерменге ой салады.
  • Видео (15)
назад наверх