Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
«Көк тарландары» телехикаясы Бас продюсері «MG Production» кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Мәліков. Қазақ сарбаздарының рөлін сомдайтын негізгі төрт кейіпкеріміз: «V-Alem» тобының әншісі, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі Жалын Тілеубергенов, жас актерлер Мерей Мақанов, Олжас Жақыпбек және Ұлан Болатбеков. Түсірілім жұмыстары Қапшағай қаласындағы ҚР Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерлердің 35-гвардиялық десанттық шабуыл­даушы бригадасының базасында өткен. Отан алдында борышын өтеушілердің өмір салты, әскердегі қиын жағдайға төзімділік таныту, ар-намыс кодексінің сарапқа салынуы хикаяның негізгі мотиві. Әскери өмірді насихаттау мақсатында жарыққа шыққан аталмыш телетоптама еліміздің жастарын патриот болуға, намысшыл болуға шақыратын тың туынды. Ендеше, келесі айдың бірінші күнінен бастап, премьераны отбасыңызбен отырып көруге кеңес береміз.
  • Видео (22)
назад наверх