Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
«ҚАРА ШАҢЫРАҚ». ТЕЛЕХИКАЯ Режиссер Ақан Сатаевтың 2009 жылы жарыққа шыққан «Ағайынды» фильмінің жалғасы түсіріліп жатқаны туралы осыған дейін жазған болатынбыз. Бүгінде «Қара шаңырақ» телехикаясы эфирге толық дайын. Жаңа маусымның беташары ретінде «Қара шаңырақ» фильмін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендері тамашалай алады. «Қара шаңырақ» сериалында «Ағайынды» фильміндегі актерлік құрам толық дерлік сақталған. Басты рөлдерде: Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжан және Әнуар Нұрпейісовтер ойнайды. Сондай-ақ, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазы, Саят Меркеұлы және Болат Әбілманов секілді талантты актерлер экранға шықпақ. Телехикаяның негізгі тақырыбы үш ағайындының арасында өрбиді. Үлкені – ірі кәсіпкер, ортаншысы – спортшы, қылмыс әлемімен аздап байланысы бар, ал кішісі ауылда өмір сүріп, ауыл шаруашылығымен айналысады. Әр қайсысының отбасы бар. Сондай-ақ, ағайын арасындағы кейбір мәселелерді әрқайсысы өз беттерінше шешуге тырысады. Киноның түсірілім жұмыстары Алматы, Астана, Көкшетау, және Қарағанды қалаларында өтті. Туындының сәтті шығуы үшін танымал режиссерлік топ жұмыс істеген.
  • Видео (0)
назад наверх