Пайдаланушылық келісім

Осы Пайдаланушылық келісім (бұдан әрі – «Келісім») «KAZTUBE.KZ» сервисінің әкімшілігі (бұдан әрі – «Әкімшілік») және жеке тұлға (бұдан әрі – «Автор») арасында Интернет желісінде kaztube.kz адресі бойынша WEB-сайтта (бұдан әрі – «Сайт») бейне және аудио материалдарды (бұдан әрі – «Роликтер»), сондай-ақ фото материалдарды (бұдан әрі – «Фото») орналастыру бойынша қатынастарды реттейді. Осы Пайдаланушылық келісімге тиісті түрде қосылып, Сайтқа орналастыру үшін бір не бірнеше Ролик немесе Фото ұсынған жеке тұлға Автор болып танылады.

  • 4. Роликтерге қойылатын техникалық талаптар
  • 5. Келісім Автор мен Әкімшілік арасында заңды түрде міндеттейтін Шарт болып табылады және Автормен Роликтерді Сайтқа орналастыру үшін ұсыну шарттарын регламенттейді.
  • 6. Келісім жөніндегі әр түрлі даулар ҚР заңнамасының нормаларына сәйкес шешіледі.
  • 7. Әкімшіліктің немесе Сайтқа қандай да бір Роликті немесе Фотоны орналастырумен байланысты үшінші тұлғалардың әрекеттерінен оның құқықтары мен мүдделері бұзылған деп санап отырған Автор наразылық жібереді. Ол үшін сайттағы «Роликке наразылық білдіру» деген сілтемені пайдалану қажет. Ашылған терезеде наразылық білдіру себебін және Сізбен хабарласу үшін өзіңіздің байланысу нөмірлеріңізді енгізіңіз. Ролик немесе Фото заңды құқық иеленушінің бірінші талабы бойынша еркін қолжетімділіктен дереу алынады.
  • 8. Пайдаланушылық келісімді Әкімшілік қандай да бір арнайы хабарландырусыз өзгерте алады. Келісімнің неғұрлым өзекті нұсқасы http://kaztube.kz/. адресі бойынша орналасқан.
  • 9. Қазақстан Республикасы өкіметінің органдарымен Сайттың толық немесе қызмет етуі бөлігін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер қабылданған жағдайда, Әкімшілік соңғысын жаңа нормаларға сәйкес келтіруге бағытталған кез келген өзгерістерді енгізу құқықын өзіне қалдырады.