Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
"Каспий" тобы "Каспий" тобы 2007 жылы әнші Ұлықпан Жолдасовтың бастамасымен Мұрат Қожа, Ақылбек Жеменей, Ерсұлтан Қалдәулет, Дидар Мұңалбаевтың қостауымен ақылдаса келе құрылған. Қазақстанның мақтанышы, бес мемлекеттің басын қосып тұрған алып Каспий теңізінің атауын алып, батыс өңірінің тумасы екендігімізді де көрсеткіміз келіп, осы атауға тоқтадық. 2009 ж әнші Ақылбек Жеменей топтан кетіп, қатарымызға жаңадан Айбар Серкебаев келіп қосылды. Қазіргі уақытта "Жарығым-ай", "Лейли" атты екі үнтаспа жазып үлгердік. 2010 жылы "Жұлдыздар отбасы" журналының "Жыл тобы" деген аталымында жеңімпаз болдық. Сонымен қатар, танымал "Лейли" әні "Жыл әні" атанып, "Үздік аударма ән" деген тағы бір жүлде алып берді.
22833 0
назад наверх