Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Молдир Ауелбекова 2001 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжі музыка бөлімінің білімгері атанды. Домбыра сыныбын бітірген. Облыстық "Айгөлек" ән байқауының бірінші орын иегері, "Бозторғай" ән байқауының дипломанты. 2003 жылы басталған «SuperStar.kz» жобасының бірінші маусымында жүздікке ілікпей қалады. Ал 2004 жылы жобаның екінші маусымында бақ сынап, ондыққа дейін өтеді. 2005 жылы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының білімгері атанды. Люция Төлешованың сыныбында тәлім алды. Бірінші курсты орталап қалғанда сол кездегі «Саф», қазіргі «КешYou» тобына іріктеу өткізіліп, Мөлдір Әуелбекова топ құрамына кірді. Топ құрамында 2010 жылы «Шығыс базары» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін алды. 2011 жылы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын тәмамдады. 2010 жылы «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль» фильміндегі басты рөлден үміткер 2000 қыздың арасынан Мөлдір таңдалады. Фильм мен Мөлдір сомдаған образ халық ықыласына бөленді. 2011 жылы «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль-2» деген атпен фильмнің екінші бөлімі түсірілді. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Мөлдір жеке шығармашылықпен айналыса бастады. Бірнеше әндер жаздырды. Атап өтер болсақ "Туған жер", "Күтемін", "Жаным-жаным", "Джан-джан немесе Кел биле", "Бір сен үшін", "Толғау", "Өсиет" әндері. Мамыр айынан бастап «Adam Media Group» компаниясы дайындап, «Қазақстан» Ұлттық арнасында көрсетілген «Елім менің» интеллектуалды думанын жүргізіп, көрермен талғамынан шықты. Сол жылдың қараша айында «Өсиет» атты бейнебаяны жарық көрді. Казахстан , Алматы
0 0
назад наверх