Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Жастар театры Жастар театры Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2007 жылы шілде айының 5 жұлдызында Ш.Айтматовтың «Шыңғысхан» спектаклімен алғашқы өз шымылдығын ашты. «АРТ ОРДО» Халықаралық театр фестивалінің «Ең үздік спектакль», «Қойылымды ең жоғары деңгейде көркемдеп, нақтылы түрде көрсеткені үшін» және «Үздік сазды безендіру» атты үштік номинацияларының иегері (2008 ж), халықаралық театр күніне арналған Астана қалалық театрларының жыл қорытындысына сәйкес «Ең үздік спектакль» номинациясының иегері (2008 ж), республикалық театрлар фестивалінде Жәмила Шашкина атындағы сыйлықтың иегері (2010 ж), ІІІ Халықаралық Орталық Азия елдерінің театрлар фестивалінің «Үздік режиссер», «Үздік Шыңғыс хан рөлі» сый-сияпатарымен марапатталған (2010 ж), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған XIX театрлар фестивалінің Гран-При сыйлығының иегері (2011 ж), «Эпоха возрождения и театральное искусство» атты Халықаралық театрлар фестивалінің дипломанты (2012 ж), Ә.Мәмбетовтың 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХ Республикалық фестивалінің Гран-При сыйлығының иегері (2012 ж), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы сыйлығының лауреаты және «Соңғы жылдардағы спектакльдері үшін» белгісі иегері (2012 ж), «Мың тыныс және бір дауыс» атты түркітілдес театрлардың халықаралық фестивалінің арнайы диплом иегері (2013 ж), Т.Ахтановтың 80 жылдығына арналған ХХI республикалық театр фестивалінің «Ең үздік жастар образы» номинациясын иегері (2013 ж)
10905 0
назад наверх