Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Театр Ғабит Мүсірепов театры Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры 1946 жылдың 4 шілдесі күні А. Толстойдың ,,Алтын кілт,, пьесасы бойынша қазақ тілінде тұңғыш рет спектакль қойып, ресми түрде тұсауын кесті. Спектакльді Кеңес Одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Н. И. Сац қойды. Ол Қазақстандағы жас жеткіншектерге арналған театр-дың ашылуы мен қазақ труппасының өз алдына шымылдық көтеруі жұмыстарына тікелей бел шеше араласты. Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры фотогалереясы Балалар мен жасөспірімдер театрының қазақ труппасындағы алғаш-қы қарлығаштар: атап айтқанда, ,,Алтын кілт,, спектакліндегі Буратино ролінде – А. Мәмбетова, басқа қуыршақтарды ойнаған артистер – Ж. Бек-тасова, Қ. Жәкібаев, Д. Шәріпов, К. Өмірзақов, Х. Камардинова, К. Зака-рина, Т. Қосыбаевалар болды. Бұлармен бірге, театрдың шаңырағын кө-терісіп, керегесін керіскен Т. Жармұхамедова, Е. Қонақбаев, Ы. Қасымов, Қ. Жаманов, Н. Бәйімбетов, С. Ысқақова, Х. Әзімбаева, С. Омарходжаева есімдері де айрықша ілтипатпен аталады. Олардың ізін баса әр жылдар-да театрға келген сахна шеберлері Қазақстан Республикасының халық артистері – Б. Қалтаев, С. Саттарова, К. Қожабеков, Ә. Өмірзақова, М. Бақ-тыгереев, Р. Әшірбекова, А. Кенжеков, Д. Жолжақсынов, Т. Мейрамов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері – М. Құланбаев, Б. Құ-ланбаева, М. Жақсымбетова, К. Мұраталиева, А. Айдарбеков, С. Есенқұ-лов, Г. Қазақбаева, Л. Кәден, Т. Құралиев, К. Демесін, К. А. Бектеміров, Е. Төлеубай, С. Жылгелдиев, Ж. Лебаева. Сонымен қатар, бүгінде репертуардың ауыр жүгін көтеріп жүрген – Б. Сейітмамытұлы, Ә. Мәмбетова, С. Рақышев, Қ. Қуандықов, К.Белжанова, Р. Қалиолдина, және театрдың талантты жастары – Ж. Зейнәбіл, Р. Омаров, Л. Серікова, Ш. Қабышева, Е. Жарылқасынұлы, А. Иманбаева, Ж.Жұманбай, Ә.Иманғалиев, М.Шынтаев, Ж.Мақашева, Е.Садырбаев, Ә.Иманғали, Б.Тушаев, Е.Отарбаев, Г.Байбосынова, А.Жантілеуова тағы басқа артистер қазақ театрының тұғыры биік болуы мен сахна өнерінің одан әрі іргелі өрлеуі жолында жігерлі еңбек етуде. 1992 жылы Ғ. Мүсіреповтің 90 жылдығының құрметіне театрға Ұлы жазушының есімі берілді. Ал, 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейто-йына орай, ,,Академиялық,, дәрежесі берілді. Театрдың өсіп-өркендеуі мен кәсіптік деңгейінің көтерілуіне Н. И. Сац-тан бастап, режиссерлер: С. Шәріпов, Т. Сидоров, Мен Дон Ук, С. Есте-месова, Г. Хайруллина, В. Пұсырманов, Е. Обаев, М. Байсеркенов, Қ. Жет-пісбаев, Р. Сейтметов, Ж. Хаджиев, Н. Жақыпбай мол үлес қосты. Бүгінде, театр ұлттық сахна өнерінің ұлы көшбасшылары салған жолдағы ұлағатты да дәстүрлі үрдіс құндылықтарын сақтай отырып, шығармашылық жаңа белестерге жету жолындағы ізденіс қарымын одан әрі шыңдап келеді. Өзінің 67 жылдық жолында түрлі асулы кезеңдерді артта қалдырып, талай жетістік белестеріне көтерілді. 1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкіл-одақтық жастар театрларының фестивалінде ,,Ыбырай Алтынсарин,, ( авт. М. Ақынжанов ) спектаклі екінші дәрежелі дипломды иеленді. Бұл спек-такльдегі үздік өнерлері үшін артистер Б. Қалтаев, С. Саттарова, Ә. Өмірза- қова, қоюшы-режиссер А. Тоқпанов фестиваль лауреаттары атанды. 1966 жы-лы Мен Дон Ук қойған Ш. Хұсайыновтың ,,Алғашқы ұшқындар,, спектаклі театрға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын әперді. 1983 жылы М. Әуе- зовтің ,,Алуа,, пьесасын сахналаған режиссер Р. Сейтметов пен спектакль- де ойнаған артистер – Г. Қазақбаева, М. Құланбаев, М. Бақтыгереев Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. 1985 жылы Ұлы Же-ңістің 40 жылдығына арналған Бүкілодақтық байқауда ,,Жау тылындағы ба-ла,, ( авт. Қ. Қайсенов, инсц. О. Бөкей, реж. Н. Жақыпбай ) спектаклі ІІІ дә-режелі дипломға ие болды. 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай өткізілген Республикалық театр фестиваліне қатысқан ,,Желсіз түнде жарық ай,, ( авт. М. Әуезов, инсц. Ш. Айманов ) спектаклі бірінші орынды жеңіп алды және қойылым режиссері Н. Жақыпбай ,,Ең үздік режиссерлік шешімі үшін,, жүлдесімен марапатталды. 1998 жылы Каир қаласында өткен Халықаралық театр фестивалінде ,,Жан азабы,, ( авт. Ш. Айтматов, реж. Н. Жақыпбай ) қойылымы ең үздік спектакльдер қатарынан көрінді. 1994 жылы режиссер Е. Обаев қойған Ә. Таразидың ,,Індет,, траги-комедиясының сахналануы қазақ театрына тақырыптық жағынан елеулі жаңалық әкелді. Спектакль 1997 жылы өткен Республикалық театр фес-тивалінде Гран-При – Бас жүлдені иеленсе, 1998 жылы өткен Түркі ха-лықтарының театр фестивалінде арнайы дипломға ие болды. Осы фес-тивальде қойылымдағы басты рөл – Әзберген образын шебер де шына-йы сомдаған Қазақстанның халық артисі – Д. Жолжақсынов ,,Ең үздік ер адам бейнесі,, үшін, артист – Б. Сейітмамытұлы ,,Ең үздік қосалқы ер адам бейнесі,, үшін жүлделерінің лауреаттары атанды. Д. Жолжақсынов-тың аталған спектакльдегі еңбегі бағаланып, 1998 жылы оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Сондай-ақ, театр шығармашылық даму мен қалыптасудың әртүрлі кезеңдерінен өтіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын бүгінгі ұлттық сахна өнеріндегі өзіндік орнын белгілей алған, айқын да нық қадам-дармен аттады. 2002 жылы Иран-Ғайыптың ,,Қорқыттың Көрі,, ( Аңыз- Дастан ) спектаклі Қазан қаласында өткен ,,Түркі халықтарының театр фестиваліне,, қатысып, Қорқыт ролін ойнаған Б. Сейітмамытұлы актер-лық табысы үшін лауреат атанды. Сонымен қатар, 2003 жылы Махамбет- тің 200 жылдығына орай өткізілген Республикалық театрлар фестивалінде І. Жансүгіровтің ,,Исатай-Махамбет,, тарихи драмасы, 2004 жылы өткен кезекті Республикалық байқауға қатысқан С. Жүнісовтің ,,Тұрымтайдай ұл еді…,, спектаклі Бас жүлдені иеленіп, қоюшы-режиссер Ж. Хаджиев қой- ған аталған қос спектакль екі жыл қатарынан еліміз театрлары арасынан мәреден бірінші болып көзге түсті. Ал, үстіміздегі жылы Тәуелсіздіктің 15 жылдығына орай Астана қаласында өткен Республикалық театрлар фестиваліне қатысқан Т. Теменовтің ,,Алма бағы,, лирикалық драмасы ,,Замандас тақырыбы,, номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Осы жылы Уфа қаласында өткен ІV Түркітілдес елдері театрларының Халықа-ралық ,,Туғанлык,, фестиваліне қатысқан ,,Алма бағы,, спектаклінде шалдың бейнесін сомдаған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Т. Құралиев ,,Аталар дәстүріне құрмет,, арнайы сыйлығымен ма-рапатталды. 2007 жылдың 27 – 30 наурыз аралығында Халықаралық Театр Күні мерекесіне орай, Шымкент қаласында өткен Халықаралық Театр Фести-валіне қатысқан С. Сматаев, Т. Теменовтің ,,Көгілдір такси,, мелодрама-сы үздік қойылымдар қатарынан табылып, спектакльде Мариям ролін сомдайтын жас актриса Күнсұлу Шаяхметова ,,Ең үздік әйел бейнесі үшін,, лауреат атанды. Театрдың «Жұмақтағы жасын» ( авт. У. Сароян, ауд. Д. Рамазан, реж. Т. Ахметов ) спектаклі 2008 жылдың 2 – 7 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен ІІ Халықаралық Орта Азия мемлекеттерінің Театр Фес-тиваліне қатысып, «Ең үздік шетел классикасын сахналаған қойылым» Жүлдесін иеленді. Осы Фестивальде «Жұмақтағы жасын» спектаклінде ойнаған театр артистері: Мақашова Жанар, Әбікеева Динара «Ең үздік эпизодтық рөл үшін» Жүлдесіне ие болды. 2009 жылдың 17 – 27 қараша аралығында Сеул қаласында өткен «Ұлы Жібек жолы» театр фестиваліне «Мулен Ружға шақыру» ( авторы және реж. Т. Теменов ) спектаклімен қатысып келді. 2010 жылдың 22 – 24 сәуір аралығында Мәскеу қаласында «Бұлбұлдар түні» ( авт. В. Ежов, ауд. Ә. Сығай, реж. Т. Теменов ), «Қорқыттың Көрі» ( авт. Иран-Ғайып, реж. Ж. Хаджиев ), «Мулен Ружға шақыру» ( авторы және реж. Т. Теменов ) спектакльдерімен гастрольдік сапарда болып, ресейлік өнерсүйер көрермен мен белгілі мәдениет және қоғам қайраткерлерінің ыстық ықыласына бөленіп, сондай-ақ, сыншылар қауымының жоғары бағасын алып қайтты. 2010 жылдың 27 – 30 мамыры аралығында Алматы қаласында өткен ІІІ Халықаралық Орта Азия халықтарының театр фестиваліне қатысқан Ш. Айтматовтың ( инсц. жаңа нұсқасын жасаған Т. Теменов ) «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасында бас кейіпкер Әселдің рөлін сомдаған актриса Аида Жантілеуова «Ең үздік әйел бейнесі үшін» номинациясы бойынша лауреат атанды. 2011 жылдың 25 – 30 наурызы аралығында театрымыздың «Қызыл орамалды шынарым» ( авт. Ш. Айтматов, инсц. және реж. Т.Теменов ) драмасымен Түркияның Адана қаласында өткен «Ұлы Жібек жолы» атты Түркітілдес елдердің халықаралық театрлар фестиваліне; Ал, 2012 жылдың 15 – 19 сәуірі аралығында Түркменстанның Ашхабад қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне қатысып, Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» (инсц және реж.Т.Теменов)қойылымымен қатысып, еліміздің мәдениетінің соңғы жетістіктерін паш етіп, ұлттық төл өнеріміздің айбынын аспандатып келді. 2012 жылдың қазан айында өткен Халықаралық Орта Азия елдерінің фестивалінде театрымыздың актрисасы Жанар Мақашева «Карменсита» қойылымымен қатысып «Ең үздік әйел» бейнесі номинациясын иеленді. Ал, сонымен қатар жыл сайынғы «Театр күні» қарсаңында Театр қайраткерлері Одағының ұйымдастыруымен «Еңлікгүл – 2013ж» кәсіби сыйлығының байқауында Ж.Мақашева «Жыл актрисасы» болып қанжығасын иеленді. 2013 жылы Театр үшін Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаттары анықталды. Олар: Динара Әбікеева, Әсет Иманғалиев, Аида Жантілеуова. Театр сонымен қатар Қазақстанның түкпір-түкпір қалалары мен аудандық, ауылдық жерлерде гастрольдік сапарларда болып спектакльдер көрсетті. Соңғы кездегі жаңа қойылымдар: «Бұлбұлдар түн» (авт.В.Ежов, ауд.Ә.Сығай, реж.Т.Теменов), «Бөлтірік бөрік астында» (авт.Қ.Мұхамеджанов, реж.Т.Теменов), «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» (авт.М.Хасенов, реж.А.Бектемір), «Тұншыққан сезім» (авт.М.Байджиев, ауд.Р.Сейтметов, реж.Б.Сейітмамытұлы), «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» (авт.А.Вампилов, ауд және реж.Т.Теменов), «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (авт.Ғ.Мусрепов, реж.Ж.Хаджиев), «Ақан сері-Ақтоқты» (авт.Ғ.Мусрепов, реж.Ж.Хаджиев), «Адасқан жұлдыз» (авт.Н.Ораз, реж.Б.Сейітмамытұлы), «Махаббат пен ғадауат» (авт.Ф.Шиллер, ауд.Т.Теменов, реж.Р.Виктюк), «Қызыл орамалды шынарым» (авт.Ш.Айтматов, инсц және реж.Т.Теменов), «Балкон» (авт.Е.Аманшаев, реж.С.Қарабалин), «Желтоқсан желі» (авт.С.Асылбекұлы, реж.М.Ахманов), «Келіндер көтерілісі» (авт.С.Ахмад, реж.М.Ахманов), «Атау-Кере» (авт.О.Бөкей, реж.Н.Жақыпбай), «Көгілдір такси» (авт.С.Сматаев, Т.Теменов, реж.Т.Теменов), «Күшік күйеу» (авт.Т.Ахтанов, реж.Ж.Хаджиев), «Мулен ружға шақыру» (авт және реж.Т.Теменов), «Сүйе білсең» (авт.Э.Хушвақтов, реж.Б.Сейітмамытұлы), «Жұмақтағы жасын» (авт.У.Сароян, ауд.Д.Рамазан, реж.Т.Ахметов), «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» (авт.Ш.Айтматов, инсц және реж.Т.Теменов), «Таудағы түн» (авт.Н.Ораз, реж.Б,Сейітмамытұлы), «Карменсита» (авт және реж.Т.Теменов), «Шындық детекторы» (авт.Б.Мұқай, реж.М.Ахманов), «Ай – Қарагөз…» (авт.М.Әуезов, реж.Т.Теменов), «Сағым қуғандар» (авт.Ж.Солтиева, реж.Б.Сейітмамытұлы), «Фатима» (авт.Иран-Ғайып, реж.М.Ахманов), «Жақсы кісі» (авт.Ә.Тарази, реж.Ж.Хаджиев), «Шығыс сазы» (авт және реж.Т.Теменов) сонымен қатар балаларға арналған «Бремен музыканттары» (авт.Ю.Энтин, В.Ливанов, реж.С.Қарабалин). Алдағы маусымда театр жаңа қойылымдары мен театр репертуарын толықтырмақшы деген ойдамыз. Құрылғанына 68 жыл толып отырған Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жоға-рыдағыдай аталмыш жеңістері шығармашылық ұжымның қол жеткізген соны жетістіктері болып табылады. Бүгінде, театр ұлттық сахна өнерінің ұлы көшбасшылары салған жолдағы ұлағатты да дәстүрлі үрдіс құнды-лықтарын сақтай отырып, шығармашылық жаңа белестерге жету жолын-дағы ізденіс қарымын одан әрі шыңдап келеді. Бүгінде, театр ұжымында 200-ден астам адам қызмет етеді. Оның 60-тан астамы артистер. Қалғаны әкімдік, шығармашылық құрамның жетекші қызметкерлері мен техникалық құрам жұмыскерлері. Театрда 7 цех және 6 бөлім бар. Казахстан , Алматы
0 0
назад наверх