Жүктеу
Менің бейнеарнам
немесе

Тіркелу Авторизация
Менің бейнеарнам
немесе

Тіркелу Авторизация

«Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығын (бұлан әрі - Сыйлық) өткізудің басты мақсаты телевизиялық контентті құрумен байланысты  ұлттық және өңірлік телевизиялық компаниялардың, продюссерлік орталықтардың, студиялар мен басқа да ұйымдардың  шығармашылық мүмкіндігін ынталандыру болып табылады.

15 номинация:

1.      Шынайы оқиғалар мен тұлғалар негізінде түсірілген ең үздік деректі кино мен бағдарламаға – Ең үздік деректі кино Лучшее документальное кино - Лучшему документальному кино или программе, в основу которых легли съемки о подлинных событиях и лицах;

2.      Ең үздік  ойынды көпсериялық фильмге – Ең үздік телевизиялық

3.      Әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектесіп, жағымды әлеуметтік әсер қалдыратын ең ТВ-жобаға – Ең үздік әлеуметтік жоба. 

4.     Оқиғалар сараптамаға негізделіп, авторлық бағадан тұратын ең үздік ақпараттық ТВ-бағдарламаға – Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бақдарлама.

5.      Музыкалық тақырыпқа арналған ең үздік бағдарламаға – Ең үздік музыкалық бағдарлама.

6.      Маусымның ең ауқымды және жарқын телевизиялық оқиғасына – Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы.

7.      Теледидарды дамытып, оған үлес қосқаны үшін, отандық теледидарды дамытуға қосқан зор үлесі үшін және көп жылдық жемісті қызметі үшін – «Теледидардың 60 жылды» ерекше сыйлығы  

8.     Сауықтыру сипаттағы ең үздік жобаға – ең үздік сауықтыру бағдарламасы;

9.      Жобаны ең үздңк рәсімдеу үшін – Ең үздік анимациялық және компьютерлік графика.

10.  Отандық спортты дамыту мен жетілдіруге жетелейтін ең үздік жобаға – Спорт туралы ең үздік телевизиялық жоба.

11.  Білімге деген қызығушылықты арттыратын ең үздңк жобаға – Ең үздік ағартушы бағдарлама.

12.  Қызметке деген адалдығы үшін – Ең үздік продюссерлік жұмыс.

13.  Ең үздік режиссерге кәсібилігі үшін – Ең үздік режиссерлік жұмыс.

14.  Ең үздік операторға шеберлігі үшін – Ең үздік операторлық жұмыс.

15.  Маусымның ең ауқымды және жарқын өңірлік телевизиялық оқиғасы үшін – Телевизиялық маусымның ең үздік өңірлік оқиғасы.  

 

ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

8 тамыз күні «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық  сыйлыққа қатысу үшін тапсырыстарды қабылдау басталады.

2017 жылдың іішінде эфирге шыққан ерекше телевизиялық жобаларға іс-шараға қатысуға болады.

https://kaztube.kz порталында тапсырыстарын толтырып,  2018 жылдың 01 наурызына дейін өз жұмыстарын жариялаған  ұлттық және өңірлік телевизиялық хабарламалық компаниялар, студиялар мен продуссерлік орталықтар және телевизиялық контентті шығарумен айналысатын басқа да ұйымдар сыйлықтың қатысушысы бола алады. 

Номинант ұсынылған материалдардың заңды құқықтары үшін жауапты.

Номинант жайындағы ақпарат тапсырысты толтыру барыысында қолданылған сол орфография және тыныс белгілерімен жарияланатын болады. 

  • Тұмар

Бүгінгі жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары
назад наверх