Размер шрифта:

Цветовая схема:

01 қазан, 202017

2020 жыл отандық кино үшін қандай жыл болды?

2020 жылы әлемде көп жаңалық орын алды. Бұл біраз елдің экономикасына, қалыпты жағдайы мен тыныс- тіршілігіне әсер етпей қоймады. Ал бұл жыл кино саласына қаншалықты әсер етті? 

Кинематография саласында да біраз өзгерістер мен жаңашылдық орын алды. Ал қазақстандық кино әлемі бұл жылы қандай жаңалықтарымен бөлісе алады? Пандемия мен карантин көп картиналардың түсірілуіне, біршама жобалардың жүзеге аспауына, көрсетілімдердің тоқтатылып, кинотеатрлардың жабылуына әкеп соқтырды. Әрине, мұның барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалынып жатқан алдын-алу шаралары. Бірақ осындай жағдайларға қарамастан, біздің кино майталмандарымыз онлайн режимінде қарқынды қызмет атқарды десек те болады. Бұған отандық фильмдердің  халықаралық деңгейде алынған марапаттары мен жүлделері нақты дәлел бола алады. Жыл әлі аяқталмаса да, қазақстандық картиналардың осы жылдың бүгінгі күнінне дейін кенелген елеулі жетістіктерін тізіп көрсеткен едік. Сонымен, 2020 жыл қазақстандық кинематографистер үшін қандай жыл болды?

Осы жылы қазақстандық картина Швейцария елінің Локарно қаласында өткен кинофесттивальде үздіктер қатарынан көрініп, кино авторларына арнайы марапат табысталды. Бұл жолы айтулы жүлдені қанжығаға байлаған «История цивилизации» атты отандық кинофильмі. Лентаға жас режиссер Жаннат Алшынова режиссерлік еткен болатын. Бұл қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мәртебе болары сөзсіз.  Pardi di Domani бағдарламсы бойынша әр елден ұсынылған 2200-ге жуық картина қаралып, оның 43-і келесі кезеңге өтті. Жалпы шешуші этапта барлығы 34 мемлекет бағын сынады. «История цивилизации» деп аталатын қысқа метражды картинасы өткен жылдың жаз мезгілінде Алматы қаласында түсірілген болатын. Хикаядағы басты кейіпкерлердің рөлін композитор Ақмарал Зыкаева және Айдар Алимбаевтар сомдап шықты. Олар үшін бұл кино әлеміндегі алғашқы кәсіби жоба болған. Сондай-ақ, Ақмарал Зыкаева кинокартина үшін әуен жазды. Аталған жобаның режиссері Жаннат үшін бұл Локарноға алғашқы қатысуы емес. Бұған дейін режиссер прдюсерлік еткен «Мы блогодарны» кинолентасы дәл осы байқаудың номинация қатысушы болған. Ал «Поала загадывает желание» фильміның әлемдік премьерасы Локарнода өтіп, «Сандэнс» арнайы бағдарламасы бойынша қатсыушы атанған болатын.

Тағы бір айтулы жаңалық режиссер Бану Рамазановадан болды. Оның «Преодлевая барьеры» кинокартинасы үш бірдей Халықаралық маңызды фестивальдерде бақ сынады. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген кинолента. Фильм  Кеңес Одағы кезіндегі ат спортының аңызы – 1952 жылы Жамбыл түбіндегі Луговой ат зауытында дүниеге келген Ақалтеке айғыры Абсент туралы және бүгінгі байқаудың қазақстандағы әлеуеті туралы баяндайды. Картина ең алдымен Түркия мемлекетінде ұйымдастырылатын Anatolia International Film Festival Халықаралық кинофестивальге қатысты. Сонымен қатар, кинолента Иераптерде өткізілетін жетінші Халықаралық деректі фильмдер байқауында бақ сынаған болатын. «Преодлевая барьеры»  туындысы киноиндустрияда белді орын алатын америкалық Docs Without Borders Film Festival байқауында да бой көрсетті.

Осы жылы деректі фильмдер үшін табысты жыл болғаны құпия емес. Мұның тағы бір дәлелі- елімізде алғаш рет деректі фильмдер кинофестивалі ұйымдастырылды. «Qara Film Festival» деп аталған байқау жоспар бойынша 6 мен 9 тамыз аралығында жоғары деңгейде өтілуі керек болатын. Алайда, әлемде орын алған пандемиялық жағдай мен карантин режимі белгіленген шараны ұйымдастыруға өз кедергісін тигізбей қойған жоқ. Бірақ байқаудың ресми сайтында ұсынылған деректі фильмдерді көрермендер бірнеше команданы орындап-ақ тамашалай алады. Qara Film Festival-бүкіл әлемнен сегіз креативті деректі фильмдерді ұсынатын және өзекті тақырыптарды талқылауға шақыратын тәуелсіз кинофестиваль. Оның барлық көрсетілімдері тегін. Әрбір фильмді алғашқы 500 көрермен тамашалай алады. Онлайн көрсетілім туралы толық ақпарат qarafilmfest.kz сайтында көрсетілген. Фильмді тек Қазақстан аумағындағы көрермендер ғана тамашалай алуға құқықтары бар. Кинофестивальде көрсетілген киноленталар қатарында: «Земля голубая, будто апельсин» – Украина, Литва; «Исчезновение моей матери» - Италия; «Романтическая комедия» - Ұлыбритания; «Не будь придурком!»- АҚШ; «Страна меда» - Македония; «Маленькая смерть»- Швейцария; «Женаты»- Дания; «Преступление + наказание» - АҚШ мемлекетінен қатысқан кинокартиналары кездеседі.

Пандемиялық жағдайға қарамастан, отандық киноиндустрияда «Сыншылар таңдауы – 2020» онлайн режімінде өткізілді. Бұл байқау дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын еліміздің кино саласында еңбек ететін режиссер, актер, продюсер, оператор және басқа да мамандар үшін өте маңызды шаралардың бірі. Қазақстан киносыншылары қауымдастығы кино саласындағы жыл сайынғы «Сыншылар таңдауы-2020» қазақстандық сыйлығының лауреаттарын жариялайтын сәтті бәрі күткені анық. Сонымен, осы жылдың ең үздік драма жанрындағы кинофильм ретінде «Черный, черный человек» лентасы танылды. Белгілі киногер Әділхан Ержановтың режиссерлігімен түсірілген кинолентаға Ақан Сатаев, Ернар Құрмашев, Төлеген Байтөкенов, Гийом де Сей және Сері Абишев проюсерлік етті. Лентада көрсетілген оқиға желісі ауылда орын алған құпия өлімге зерттеме жүргізуге ерінген құқық қорғау органдары мен жұмбақтың шешімін іздеген өржүрек журналист қыз турасында болмақ. Картина біршама айтулы марапаттар мен халықаралық көрсетілімдерге ие болуда. Ал жанрлық ең үздік фильм арасындағы «Сыншылар таңдауы – 2020» таңдауы Ернар Құрмашев пен Серік Абишев продюсер болған «Канинкулы off-line» картинасына түсті. «Жылдың үздік режиссер» атағын Әділхан Ержанов «Черный, черный человек» кинофильмен жеңіп алды. «Үздік сценарий» марапаты Фархат Шариповқа табысталған болатын. Сценарист «Тренинг личностого роста» кинофильміне жазған сценариі үшін үздіктер қатарынан көрінген болатын. «Үздік қоюшы-оператор» сыйлығы «Черный, черный человек» картинасымен Айдар Шариповқа бұйырды. Дәл осы картинаның басты кейіпкерлері Динара Бақтыбаева мен Данияр Алшыновқа «Үздік актер» және «Үздік актриса» марапттары табысталды. Ал «Үздік композитор» атағы «Тренинг личностого роста» кинолентасының әуенін жазған музыкант Илья Одеговқа бұйырды. Сондай-ақ, «Үздік дебют» марапатына «Мәриям» фильмімен Шарипа Оразбаева ұсынылып, баст жүлдені жеңіп алды.

Байқаулар, фестивальдер мен көрсетілімдерден бөлек, қазақстандағы коммерциялық кинолар да керемет нәтижелерді көрсетуде. Белгілі продюсер әрі «Бизнес по-казахски» франшизасының сценарий авторалырынң бірі, актер әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев 2020 жылы үлкен джекпотқа кенелді. Нұрлан Қоянбаевтың төртінші кезектегі кинолентасы Оңтүстік Корея елінде, корейлік «драмалар» кейпінде түсірілген еді. Бұл жолы фильмнің режиссері біршама отандық картиналар мен бейнеклиптерді таспалаған Ален Ниязбеков болды. Жаңа туындыда да алдыңғы бөлімдерінде көрсетілген хикая желісіне ұқсас болып келген оқиға жалғасын табады. Алайда бұл жолы фильмде жаңа кейіпкерлер мен оқиғалар да аз емес. Фильм прокатқа шыққанына көп уақыт бола қоймаса да, кассалық жиыны 1 миллиард теңге көлеміндегі қаржыны құраған.

Оның 402 909 500 теңгесін Kinopark- Kinoplexx кинотеатрлары әкелген. 2019- 2020 жылы жаңа жылдық көрсетілім болған киноленталар арасында ең табысты фильмге айналған қазақстандық картина тіпті шетелдік Marvel блокбастері ұсынған «Мстители: Финал» кинокартинасын шаң қаптырып кетті. «Мстители: Финал» фильмі прокатта жалпы құны 1,3 миллиард теңге ақша жинаған. Жалпы қазіргі қазақстандық киноиндустрияда коммерциялық комедиялардың көшін баста келе жатқан Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по- казахски» бренді болашақта бұдан да жоғары деңгейлерді көрсететіні анық. Бұл франшиза шығарған әрбір картина көрермен көзайымына айналып қана қоймай, сонымен бірге ауқымды кассалық джекпот жинайды. Мәселен, «Бизнес по- казахски» бірінші бөлімі 299 миллион қаражат жинаса, келісі маусымда Америкада түсірілген бөлімі бірден екі есе артып, жалпы қоры 581 миллион теңгеге жеткен. Ал фильмнің Африкадағы бөлімі кинотеатрлардан 772 миллион теңгені қағып алған. «Бизнес по- казахски в Корее» кинолентасының басты рөлдерін бұрынғы актерлік құрам, олар: Гүлназ Жоланова, Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Рамазан Амантай, Қажет Смағұлов сомдаған. Қазіргі таңда «Бизнес по- казахски» фильмінің кезектегі бесінші бөлімі Түркия елінің Ыстамбұл қаласында түсірілді. Бұл жолы кинотуындының көрерменге жаңалықтары көп. Филь продюсерінің айтуынша, бесінші бөлім басқа сериялардан ерекше болады. Көрермен мүлде жаңа, басқа хикаяны тамашалайтын болады. Лентада ескі актерлік құрамнан бөлек, басқа да кейіпкерлер бой көрсетпек. Бұл туралы кино түсірілімдеріне дейін жоба авторлары өткізген «баттлдың» нәтижесінде таңдалып алынған Жахан Утарғалиев пен Қайрат Әділгерей. Олар кинофильмде басты рөлдердің бірін сомдамақ. Сонымен қоса, жаңалықтар мұнымен бітпек емес. Нұрлан Қоянбаевтың жаңа картинасына Түркия елінің белді актері әрі продюсері Кадир Догулу да рөл сомдайтын болады. Қазіргі таңда Түркиядағы түсірілім жұмыстары аяқталып, елдегі сахналарды түсіру процессі жалғасуда.

Отандық киноиндустриясында 2020 жылы тағы бір жаңалық кинотеатрларға қатысты болды. Дәл осы жылы Қазақстанда бірінші рет кинотеатрлар ассоциациясы пайда болды. Оған Қазақстанның 14 қаласынан 32 кинотеатр қатысушы атанды.

"Кинотеатрлар Альянс" Қазақстан Республикасы кинотеатрлар иелерінің қауымдастығын" құрудың бастамашысы Өскемен қаласында орналасқан  «Юбилейный» кинотеатрының иесі және кинокөрсетілімнің отандық нарығындағы ең тәжірибелі  Мунира Ягудина болды.

Қауымдастықтың мақсаты-аудиовизуалды саладағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, соның ішінде аудиовизуалды туындыларды кинотеатр залдарында көрсетіп, көпшілік назарына ұсыну. Бұл салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен азаматтардың қарым-қатынасын дамыту және нығайту басты мақсат болып отыр. Бірақ қазір орын алған пандемиялық жағдайлар мен карантин режиміне байланысты кинотеатрлардығ жұмысы тоқтағандықтан, ұйымның да жалпы жұмыс қарқыны бәсеңдеген.

2020 жыл көп күтпеген жаңалықтарға толы болғаны рас. Басты жаңалық ол – карантин режимі. Бұл жағдай көптің өмір сүру салтын өзгертіп қана қоймай, біршама салалар мен жоспарларға өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл әсірсе, кино саласына айтарлықтай өзгерістер әкелді. Мәдениет және спорт министрлігі белгіленген бағдарламаларын онлайн режиміне түгелдей өзгертті. Өнер саласының майталмандары, спорт  шеберлері, эстрада жұлдыздары, киноиндустриядағы белгілі тұлғалар министрліктің бұл шешіміне толықтай қолдау білдірді. Интернет платформаларында онлайн мастер-класстар, лекция мен сабақтар, музей мен қорықтар, кітапханалар бойынша онлайн экскурсиялар және онлайн режиміндегі тегін концерттер ұйымдастырылды. Youtube видеохостингінде «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп жасалған Live- концерттері өтті. Ол #Звезда на карантине деп аталатын хештегімен белгіленді. Сонымен қатар, еліміздің бірқатар жаңа картиналары отандық телеарналардан көрермен назарына ұсынылған болатын. Мәселен, Ақан Сатаев режиссерлік еткен «Томирис» кинокартинасы бірнеше телеарналардан көрсетілді. Көп ұзамай отандық режиссерлер де өз жанкүйерлері мен көрермендеріне ерекше сый-тартулар жасағанын айта кеткен жөн. Мәселен, Нұрлан Қоянбаев өз туындылары «Бизнес по-казахски в Корее» және «My love is Aisulu» ленталарын Youtube видеохостингінде өз уақытынан бұрын салған болатын.

Еліміздің кино саласы үшін тағы да бір жақсы жаңалық болған оқиға -   Қазақстан Халықаралық кинокомиссиялар қауымдастығына мүше болды (AFCI).

Халықаралық кинокомиссиялар қауымдастығы – ол әлемнің 40 елінен 360-тан астам комиссияны біріктіретін Дүниежүзілік желі. AFCI кәсіби кинокомиссияларды, сондай-ақ оларға қажет жұмыс орын мен қызметкерлерді ұсынады, белгіленген стандарттарды белгілейді, бүкіл әлем бойынша киножобаларды жүзеге асыру үшін оқыту, Іскерлік және маркетингтік мүмкіндіктерді ұсынады. Шын мәнінде, бұл әлемдегі ең беделді кино өндірушілерімен үлкен келісімшарттарға белді ұйымдардың бірі болып саналады. AFCI штаб-пәтері Лос-Анджелес қаласында орналасқан. Мысалы: посткеңестік кеңістіктегі алғашқы ел Грузия болды. AFCI Халықаралық кинокомиссиялар қауымдастығына мүше болу Қазақстанға не береді? Ең алдымен ол – әлемдік киноиндустрияға жол ашу. Шын мәнінде, бұл біздің еліміз үшін және жалпы отандық кино саласы үшін таптырмас мүмкіндік екені құпия емес. Болашақта шетелдік танымал картиналарды түсіретін студиялармен тәжірибе алмасу, жоғары деңгейде үлкен мега жобаларды түсіруге қолдау алу сияқты озық жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Бұл ұйымның ұзақ жұмысының нәтижесі Тбилисидің орталық көшелерінде танымал «Форсаж» кинофильмінің тоғызыншы сериясының түсірілімімен жалғасқан. Сонымен, алдағы жылдары біз голливудтық блокбастерлердің ең үлкен жұлдыздарын өз елімізде көріп қалуымыз әбден мүмкін. Серіктестік туралы келіссөздер Қытай, Ресей, Франция, Үндістан, Жаңа Зеландия және АҚШ кинокомпанияларымен жүргізілуде. Өңірлік кинокомиссиялар құру үшін алғашқы бес облыс анықталды, олардың ішінде Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстары. Шетелдік кинокомпаниялар тарапынан біздің елімізге деген қызығушылықтың артуын ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі 2020 жылы бірінші өңірлік құрылым – Алматы кинокомиссиясын құру туралы жариялағаан болатын. Бұл құрылым шетелдік және отандық кинокомпанияларға Алматыда да, бүкіл өңірде де түсірілім ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады.

Қазақстандық актер мен режиссерлер үшін ғана емес, сондай-ақ отандық каскадерлер үшін де 2020 жауапты жыл бола білді. Бұл жылы қазақстандық «Nomad Stunts» каскадерлер клубы «Disney» студиясы түсірген «Мулан» картинасында бой көрсетті. Олар мұндай голливудтық үздіктермен бір жобада жұмыс істеген алғашқы қазақстандықтар. Ат үстінде түрлі трюктер орындап, суға батып, отқа жанатын, шебер семсерлесіп, төбелесетін еліміздің жігіттері әлемдік кинода әйтулы жетістіктерге жетіп қана қоймай, ел байрағын көкке көтеріп, ел шарлап жүр. Жаңа Зеландия елінде жүргізілген түсірілім жұмыстары бірнеше айға жалғасқан. «Мулан» фильмінде қазақстандық «Nomad Stunts» каскадерлері актер Джейсон Скотт Лидің орындауында Бори ханның таңдаулы жауынгерлік жасағын сомдаған. Америка Құрама Штаты, Қытай және Канада елдеріі бірлесіп түсірген картинаның ұраны: «Loyal6 Brave, True». Ники Каро режиссерлігімен кинотуындының сценарий авторлары Рик Джаффа, Аманда Сильвер, Элизабет Мартин және Лорен Хайнек. Бюджеті 200 000 000 АҚШ доллары болған кинолента физикалық түрде прокатқа шығып үлгермеді. Карантин жағдайларына байланысты премьера күні кейінге шегерілген болатын. Бірақ 3 қыркүйек күні әлемдік премьера өтті. Басты рөлдерді Лю Ифэй, Донни Йен, Гун Ли, Джет Ли, Йосон Ань, Розалинд Чао жәгне Сюзана Тан.

Қазақстандық «Ұмай» кинокартинасы Үндістанда өткен кино байқауда үздіктер қатарынан көрінген болатын. Отандық актриса Іңкар Абдраштың режиссерлігімен түсірілген «Ұмай» («Мальчик у окна») қысқа метрлі кинофильмі Dadasaheb Phalke Film Festival (DPIFF) мерейтойлық Х Халықаралық кинофестивалінде «Үздік қысқаметражды картина» деген марапатқа ие болды. Бұл байқау Үндістанда жыл сайын ұйымдастырылатын ең беделді байқауларға жатады. 1913 жылы түсірілген «Раджа Харишчандра» дебюттік фильмі-Үндістанның алғашқы толық метражды көркем фильмі болып саналады. Фестиваль тәуелсіз кинематографқа арналған және жас кинематографистердің шығармашылығын дамытуды қолдауға бағытталған.

Осыған дейін «Ұмай» кинофильмі British International Amateur Film Festival (BIAFF) Халықаралық әуесқой Фильмдер кинофестивалінде «Үздік фильм» және «Үздік сценарий» номинациялары бойынша бірден 2 марапатқа ие болды. Режиссер Іңкар Әбдраштың түсірген «Ұмай» көркем туындысы балалар үйіндегі қатал тәрбие ерке актрисаның өмірі мен түсінігін түбегейлі өзгертеді. Картинаның продюсерлері-Фархат Әбдірайымов пен Гүлшат Смағұлова. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының "Дебют" КПО түсірген.

«Мариям» фильміндегі басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Саббусинова  XVI  Қазан халықаралық  кинофестивалінде «Үздік актриса» марапатын жеңіп алды. Бұған дейін отандық «Мариям» кинолентасы International Women’s Film Festival байқауының номинанты атанған болатын. Шарипа Оразбекова режиссерлік етіп қана қоймай, сценарийдің авторы. Самат Шарипов қоюшы- оператор қызметінде еңбек етті. Басты рөлдерді Хамза Көксебек, Меруерт Саббусинова және Едіге Ахмет. Фильм желісі Мариям есімді төрт баланың анасы туралы оқиғаны бейнелейді. Ауыл тұрғыны күйеуінің белгісіз жағдайларда жоғалып кеткеннен кейін, отбасының бар ауыртпашылығын жалғыз көтеруіне тура келеді. Ауыр өмірдің тауқыметін тоқтату үшін ол бір шешімге келуін түсінеді. Сондай- ақ, кинофильм Франциялық көрермендер мен киносыншылардың назарына іліккен.

«Заблудившийся» («Адасқан») қазақстандық тағы бір картина Швейцария атынан жүлдеге ие болды. Vision sud est қоры ұсынған басты жүлде 20 000 франкты құрайды.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы