Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Арнайы kaztube.kz пайдаланушылары үшін қазақ эстрадасындағы жұлдыздардан эксклюзив сұхбаттар

29.09.2014

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов клиптерінің бәрін Қазақстанда түсіреді. Ол: «Әріптестерім шетелге барып, клип түсіріп келгенді ұнатады. Өкінішке қарай, ол клиптердің бәрі халыққа ұнап жатқан жоқ. Мен отандық клипмейкерлермен әрі сценарист ретінде, әрі режиссер ретінде жақсы тіл табысып жұмыс істей аламын,» - дейді. Әлидің әрі әнші, әрі биші қасиетінен бөлек режиссерлік, сценарий жазушы ретінде де өнері бар екенін сұхбатымыздан (http://kaztube.kz/kz/video/146707) көре аласыздар.

Көпті актерлығымен тәнті еткен «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов өз өнерін керемет бағалайды. Керемет рөлді сомдау қолынан келгеніне өзі де таң қалуда. Кино барысында ғана емес, өмірде де футболды жақсы көретінін айтады. (http://kaztube.kz/kz/video/146842)  «Мен әлі жуық 50 жыл ішінде сұраныста боламын,» - дейді актер Ерболат.

«Вокзалда танысқан қыз» атты керемет позитивті әнімен бірден танымал боп кеткен Серік Ибрагимов тойларда кейде ғана жанды дауыспен ән айтады екен, көбіне фонограммамен ән салады. «Жанды дауыспен ән салғанды талап ететін концерттеріміз көп болса екен. Сонда бәріміз жанды дауыспен өнер көрсететін едік,» - дейді (http://kaztube.kz/kz/video/147342) Серік.

Сахнамызға этно стильді сәнге айналдырған, ұлттық аспаптардың құнын арттыра түскен әншілердің қатарында Алашұлы тобы алғашқы қатарда тұрады. Әні де, қазақи мінез де, биі де, бәрі-бәрі үйлесіп тұратын бұл топты халық бірден жылы қабылдады. Тіпті, фанат қыздарының қатары да бірден артты. Осы уақытқа дейін 5 клип түсіріп үлгерген өнерлі жігіттер: - «Билеп жүріп, ән айту оңай емес. Көп еңбекті талап етеді. Түрлі қимылдар жасап тұрып, демді бір қалыпта ұстап тұру өте қиын,» - дейді. «Біздің репертуарымызда туған жерге, елге, ұлтқа деген махаббат туралы әндер бар. Ал, қыз бен жігіттің арасындағы махаббат туралы ән топтың репертуарында жоқ, болмайды да,» - дейді Алашұлының (http://kaztube.kz/kz/video/147359) патриот жігіттері.

Сұлулығымен, өнерімен, шығармашылығымен, қылығымен жігіттерді ғана емес, қыздарды да тәнті ететін Жанар Дұғалова адамды табысқа жетелейтін алдымен адамгершілігі екенін айтты. «Адамның адамгершілігі, еңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдығы табысқа жетелейді,» - дейді Жанар. Ал, өзін өте күйгелек, сезімтал, қызуқанды жан деп сипаттап берді. Өзінің бала күнгі орындалмаған арманы туралы да бізбен бөлісті. Сұхбатты мына сілтеме (http://kaztube.kz/kz/video/147340) арқылы көре аласыздар. 

comments powered by HyperComments
Количество просмотров: 342