Добавить
Мой канал
или

Регистрация Авторизация
Мой канал
или

Регистрация Авторизация

Жанар Доғалова Turkvizyon байқауының гранд-финалында

20.11.2014

Жақында ғана елімізде өткен іріктеуден халық пен қазылар алқасының жоғары ұпайына ие болып, жеңіске жеткен Жанар Доғалова Қазан қаласына аттанды.

Татарстанның Қазан қаласында өтетін Turkvizyon 2014 байқауында 25 елден келген әншілер бақ сынайды. Кеше ғана ашылу салтанаты өткен бұл бақаудың жартылай финалын Жанар Доғалова ашты.
Жанар өзіміздегі іріктеуде орындаған Ізін көрем әнін дүбірлі додада орындады.

Қазандағы байқауға Жанарды қолдаушы командамен бірге Қазақстан телеарнасының тілшісі Еркін Шәкір де бірге аттанды. Еркін арнайы көрермендер үшін видеолар ұсынуда.

Жанар 21 қараша күні гранд-финалға шығады. Жеңіске жетсін деп тілейік! Еліміздің көк байрағы Қазанда желбірегенін тілейік!

21 қараша күні сағат 22:00 біздің порталымыздың «ТВ Онлайн» паракшасында Хабар арнасынан Turkvizyon байқауындағы Жанардың өнерін тамашалап, қолдау көрсетейік!

comments powered by HyperComments
Количество просмотров: 360