Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 мамыр, 2021291

«Абай жолы» – ең үздік телехикая

«Хабар» телеарнасының тапсырысымен түсірілген тарихи хикая – «Абай жолы «Тұмар» ұлттық сыйлығын » «Үздік телехикая» номинациясы бойынша жеңіп алды.

Телетуынды аңызға айналған қазақтың қос тұлғасы – Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. Драмалық картинаның оқиғалары әртүрлі уақыт кезеңінде – 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың 30-жылдарында қатар өрбіп отырады. Картинада Мұхтар Әуезовтің қалай 20 жыл бойы Абайды жақын білетіндермен кездесіп, ол туралы мәлімет жинағаны көрсетіледі. Кейін жазушы «Абай жолы» романын жарыққа шығарады және оған «ұлтшыл» деген айып тағылады.

«Тұмар» сыйлығының марапаттау рәсімі 6 мамырда, елордадағы «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында өтті. Іс-шара екінші рет санитарлық қауіпсіздік стандарттарын ескере отырып, жабық форматта өтті.

Сыйлыққа қатысуға 2020 жылы қазақстандық телеарналар көсеткен телевизиялық жобаларға рұқсат берілді. Сыйлық жеңімпаздары әсем мүсіншеге және қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін 1 миллион теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

«Тұмар» – телевизиялық шеберлік саласындағы жоғары жетістіктері үшін берілетін ұлттық телевизиялық сыйлық, ол 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен тағайындалған. Сыйлықтың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың жыл сайынғы құзыретті бағасы арқылы қазақстандық телевизия саласының дамуын ынталандыру.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы