Размер шрифта:

Цветовая схема:

21 шілде, 202075

Әділхан Ержанов "Желтая кошка" фильмін түсірді

Еліміздің белгілі режиссері және сценаристі Әділхан Ержанов "Желтая кошка / Сары мысық" фильмінің түсірілімдерін аяқтап, көрермен назарына ұсынуға даярлап жатыр. Картинаның түсірілімі өткен жылдың жазында өткен болатын.

Басты рөлдерді  "28 панфиловшы" фильмінде бой көрсеткен Азамат Нигманов және  "Шатырдағы бұлт" кинокартинасында ойнаған Камилла Нұғманова сомдайды. Қосалқы рөлдерді Санжар Мәди, Теоман Хосу және Максим Богомоловқа сеніп тапсырылған.

Сондай-ақ, қоюшы-оператор Еркінбек Пірәлиев пен қоюшы-суретші Ермек Өтегенов толық метрді жасау үшін аянбай еңбек еткен болатын.  "Желтая кошка / Сары мысық" фильмінің 2020 жыл фильм сүйер қауымның назарына ұсынылады деп жоспарлануда. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы Әділхан Ержанов "Коллективный иммунитет / Ұжымдық иммунитет" кинокартинасының түсірілімін аяқтаған болатын. Картинадағы басты рөлдерді Данияр Алшинов, Әсел Сәдуақасова және Ержан Жаманқұлов сомдады. Сондай-ақ, Әділхан Ержанов бүгінгі таңға дейін “Бой Атбая”, “Черный, серный человек”, “Ласковое безразличие мира”, “Ночной бог”, “Шлагбаум”, “Риэлтор” және  “Бақытжамал” кинокартиналарының сценарийлерін жазған авторы. Сол кезекте бұл ленталарға өзі режиссерлік етіп, монтаждық пультті өзі басқарады.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  sputniknews.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы