Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 қыркүйек, 202010

Әділхан Ержановтың «Чёрный, чёрный человек» картинасы Францияда көрсітіледі


Франция елінің үлкен экрандарында отандық кинофильм көрсетілетін болады. Шетелдік көрермендер назарына бұл жолы отындық белді режиссер, біршама озық туындылардың авторы Әділхан Ержановтың режиссерлігімен таспаланған «Чёрный, чёрный человек» кинолентасы ұсынылатын болады.  

Қазан айының он төртінші жұлдызынан бастап Франция елінің кинотеатрларынан көрсетілімі жүретіні туралы «Чёрный, чёрный человек» кинокартинасының авторы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялаған болатын. 

«Көздің жауын алар, қазақстандық криминалды фантастиканы тек 14 қазаннан бастап көре аласыздар”,-делінген Arizona Distribution компаниясының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.Фильмнің сценарий авторлары Ролаф Ян Миннебоо және картина режиссері Әділхан Ержановтың өзі. Кинолентаның желісі бойынша, бір ауылда адам белгісіз жағдайда қайтыс болады. Бірақ қорғаушы Бекзат бұл істі тезірек жауып, жұмысты азайтқысы келеді. Полицейлер де күнәлі адамды тез уақыт ішінде таба қояды. Алайда, мұнің бәрі тез ұмытыла салмайды. Қаіпті іске қаладан келген журналист араласа бастайды. Бұл жағдайда енді полицейлер де, қорғаушылар да тиянақты дайындалып, іске қатысты бар деректі тексере бастайды. 

Естеріңізге сала кетсек, бұдан алдын аталған «Чёрный, чёрный человек» кинофильмі Франция елінің қаласы Везулде ұйымдастырылған Festival International des Cinemas d'Asie de Vesoul кинофестивалінде арнайы жүлдемен марапатталған болатын. Қазақстандық картина бағдарламалық конкурстан тыс ұйымдастырылған арнайы бағдарламаға ұысынылып, Франциялық кинотеатрлардың иелерінен жасақталған қазылар алқасының сыйы табысталған еді. Сондай-ақ, басты кейіпкердің рөлін сомдап шыққан белгілі актер, танымал киногер Данияр Алшынов осы жазда ұйымдастырылған “Imagine India» деп аталатын Мадридтық кино-байқауда “Үздік актер” сыйлығына ұсынылып, жеңіске жеткен болатын. Айта кеткен жөн, «Чёрный, чёрный человек» фильмі «Сыншылар таңдауы 2020” кинопремиясында ең көп марапатқа ие болған картина қатарына жатады. Көптеген номинациялар бойынша үздік атанған киноның актерлері де біршама номинациялар жеңімпазына айналды. Солардың қатарында, басты кейіпкер Динара Бақтыбаеваға да “Үздік актриса” марапаты табыс етілді. Бұл картина отандық кинотеатрларда осы жылдың ақпан айында көрсетілген еді. 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  zakon.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы