Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 қаңтар, 2022411

«Ағайындылар» фильмінің трейлері жарияланды

Желіде режиссер Дархан Төлегенов түсірген «Ағайындылар» фильмінің трейлері жарияланды.

Картинада балалар үйі түлектерінің қиын өмірі баяндалады. Ақжол туған ағасы бар екенін білместен, қылмысқа араласады. Отбасын табуға үміттенген ағайындылар әкесін бірге іздей бастайды...

Бұл – Төлегеновтің көркем фильм режиссері ретіндегі дебюттік жұмысы. Сценарийді фильмнің режиссерімен бірлесіп Ален Рахметалиев жазған. Фильмнің продюсері – Максим Акбаров, қоюшы-операторы – Шерхан Таңсықбаев, ал қоюшы-суретшісі – Бағдат Қожахметов. Картинаның музыкасын композитор Абай Ақбаев жазған.

Басты рөлдерде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Әлішер Исмаилов пен Айбар Салы ойнайды. Картинаның шығармашылық продюсері 2021 жылы мамырда қайтыс болған Фархат Әбдірайымов болды.

Дархан Төлегенов, қоюшы режиссер:

«Мен картинамен үлкен қуанышпен жұмыс істеймін. Мен үшін ең қиыны дайындық кезеңі болды, өйткені істеліп жатқан жұмыстың нәтижесі қандай болатыны түсініксіз болады. Оның өз қиындығы мен қызығы бар. Фильм идеясы екі жыл бұрын пайда болды. Ешқашан көрмеген жақын адамының бар екенін білген жалғызбасты адамның сезімі мен тәжірибесін түсінгім келді. Мүмкіндігінше басқа әлеуметтік ортадағы адаммен қарым-қатынас құру және ол неге әкелуі мүмкін? Маңызды сұраққа жауап табуға талпындым: өмірлік жағдайлар күштірек пе әлдетуыстық байланыс па? Бұл сұраққа әрбір көрермен картинаны көргеннен кейін жауап бере алады деп ойлаймын».

Автор:  Мұқанова Нұржауған

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы