Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 қаңтар, 2021164

Аида Балаева: «Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек»

Отандық жас режиссерлер қазақстандық телевизияда бірегей контент жасауға шақырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның ел телеарналарында отандық контентті дамыту мәселесі бойынша жас режиссерлермен кездесуінде айтылды делінген ведомство сайтында.  

Кездесуде ведомство басшысы жастарға министрліктің қазақстандық телевидениеде сапалы контентті дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар жайында айтып берді. Атап айтқанда, әлеуметті қызықтыратын өзекті тақырыптарға арналып, ерекше идеологиялық маңызға ие арнайы хабарлар, телехикаялар мен деректі фильмдерді жасау жайын тілге тиек етті. 

«Біздің министрлік мемлекеттік тапсырыстың және мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде жыл сайын елуге жуық телехикаялардың түсірілімін қамтамасыз етеді, ал деректі фильмдердің саны жүзден асады. Олардың кейбіреулері көрермендер арасында танымал болса, көпшілігінің сапасы, өкінішке орай, сын көтермейді. Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек», - деді министр.

Ведомство басшысы сонымен қатар, Министрліктің келер 2022 жылы түсірілетін деректі фильмдер мен телехикаяларға арналған үздік сценарийлерге байқау жарияланғанын да мәлімдеді. Олардың негізгі тақырыптары Министрлік сайтында жарияланатын тақырыптық жоспарлар тізімінде көрсетілетінін атап өтті.  

Жалпы, ақпарат министрі Аида Балаевамен кездесуге 29 жас режиссер қатысты. Олардың барлығы - қызықты отандық жобаларды дайындауда тәжірибесі бар мамандар. Министр киногерлерді биылдың өзінде Министрлік пен мемлекеттік телеарналарға фильмдер мен телехикаяларға арналған жаңа сценарийлерді ұсынуға шақырды. Өз кезегінде шараға қатысушылар Министрлікке отандық телевидениеге бірегей, қызықты әрі сапалы контент құру үшін жаңа жобаларды ұсынуға құлшыныстарын білдіріп, дайын екендіктерін жеткізді.   

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы