Размер шрифта:

Цветовая схема:

17 қараша, 2021281

Ахмет Байтұрсыновқа арналған фильмнің түсірілімі басталды

Ұлт ұстазы жайындағы туындыны ғалымның 150 жылдық мерейтойына арналған. Алаш зиялысы, ұлт мақтанышының ғұмыры түбегейлі баяндалады.

16 қарашадан бастап қазақтың көрнекті ағартушысына жайындағы «Соңғы үміт» фильмнің түсірілімі ең алғаш Алматы қаласынан басталды. Жауапты іске режиссерлар: Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмырзин жетекшілік етеді. Айта кетсек, киногер Ерлан Нұрмұхамбетов Пусанда өткен халықаралық кинофестивальде «Жаңғақ ағаш» фильмі үшін «Жаңа ағым» номинациясында үздік деп танылған. Биыл режиссердің «Уақыт жолдары» атты кезекті туындысының премьерасы Франция елінде өтті. Ал серіктесі Ерген Тоқмырзин елімізде көптеген деректі фильмдердің қоюшы режиссері ретінде танымал.

Кинокартинаны ҚР Мәдениет және спорт министрінің тапсырысы бойынша Ұлттық кино қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асуда.

Айтулы фильмде қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың барлық өмір тармақтары толық ашылады. «Бұл ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов туралы фильм. Оның өмірі, қоғамдағы істері және ең бастысы, оның күресі туралы. Бұл мемлекеттің арнайы тапсырысымен түсіріліп жатқан үлкен жоба. Ахмет Байтұрсынов – біздің мақтанышымыз. Менің ойымша, біздің жас ұрпақ осындай фильмдерді көруі тиіс. Өйткені, Ахмет ағаның жасаған істері, Алаш Орда қайраткерлерінің ерлігі – бүгін кездеспейтін батылдық. Сондықтан сол кездегі оқиғаларды заманауи көрерменге көрсету керек», - дейді басты рөлді сомдаушы талантты актер Азамат Сатыбалды.

Сондай-ақ, картинада Назгүл Қарабалина, Александр Багрянцев және Ерлан Кәрібаев та бой көрсетеді. Түсірілімнің басты локациялары ретінде Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысы таңдалған. Қоюшы оператор – Марс Омаров. Бас продюсері  Дастан Атығаев. Сценарий авторы Ғалым Доскен. Жыл соңына дейін авторлар 14 ауысымды түсіруді жоспарлап отыр. Фильмнің негізгі бөлігі келесі жылға қалдырылды.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы