Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 сәуір, 202091

Актер болу үшін не істеу қажет? Табысты киноактерлікке жетудегі 10 қадам

Актерлік- кино саласындағы ең ауыр әрі қызықты мамандықтардың бірі. Ол әдемі дауыспен, ерекше харизмамен, жұмысқа деген құлшыныспен, сан қырлы рөлге еніп, көптеген кейіптерді еш қиындықсыз көрсете алатын, сонымен қоса, барынша сабырлық пен өжеттілік танытатын маман болуы шарт. Берілген мәтінді тез уақытта жаттап өнер көрсете беру үшін есте сақтау қабілеттің жақсы жұмыс істей алуы қажет. Сонымен, табысты әрі танымал актер маманы болуы үшін сізге көмектесетін 10 негізгі қадамдар қандай?

Қорықпаңыз

Кинода кез-келген жан үшін орын бар. Ол дегеніміз бұл ауқымы кең мамандықта бәсекелестік қатаң болып, сізбен бақ таласатын жандар тым көп екенін ұмытпаңыз. Олар өте талантты, бірінің әсем сұлулығы, кейбіреуінің білім деңгейінің жоғары болуы мүмкін. Алайда, “жұлдыз болуға тек біреуінің ғана мүмкіндігі бар” деген қағиданы естен шығармаған жөн. Бәлкім, кей уақыттарда нәтиже адамның қаншалықты еңбектенгеніне байланысты бола бермейді. Сәттілік күтпеген жерден, байқамаған мезгілде келіп қалады. Тек оны құр жіберіп алмай, еш күмәнге берілмей пайдалана алу маңызды. Міне дәл осындай сәтте қорықпаған жөн. Бұл сіздің болашақта орын алуы мүмкін әртүрлі өмірлік үзілістерге дайындайды. Не болса да, тыныштық сақтап, үрейдің өзіңізді жаулауға жол бермеңіз.

 

Өз-өзіңізбен жұмыс істей ала біліңіз

Әлемдік жұлдыз болу үшін мінсіз келбет пен сымбаттың болуы міндет емес. Әртүрлі картина үшін санқилы рөлдер мен типаждар қажет. Харизма – бұл актердің таптырмас құралы. Актердің харизмасына және рөлді қалай жеткізетіндігіне қарап оның кино саласында қаншалықты табысты боларын айтуға болады. Әлбетте, барлық адамның бойында бұл қасиет бола бермеуі мүмкін. Дегенмен, өз-өзіңді дамытып, жұмыс істесең ғана актерлік деңгейің мен харизманы тиісті дәрежесіне дейін жеткізе аласың. Мақсатқа жету жолында әртүрлі сындар мен критика айтылуы мүмкін. Бұны сіз жәй ғана қалыпты жағдай ретінде қабылдаңыз. Шын мәнінде, голливудтық актерлер мен актрисалар күніне қаншама хейт пен мысқыл-сындар алады. Олар да карьерасының бастапқы кезеңінде дәл сіз секілді қиналған болар, дегенмен олар критикаға күресіп, мән бермеуді үйренген. Сондықтан да, олар әрқашан сенімді әрі өз-өзімен жұмыс істей біледі. 

 

Талантыңызды дамытып отырыңыз

Егер қарапайым аспаз күнделікті тағам даярламай отырса, күндердің бір күнінде қарапайым жұмыртқаның өзінің әзірлену әдісін ұмытып қалады. Сол сияқты, кез-келген мамандықта жүрсең де өз-өзіңді сол бағыт бойынша қайрап отырмасаң, жетістікке жетуің екі талай. Актерлікте де дәл солай. Актерлік шеберлік курстары мен театр студияларында жиі сабақ алып тұрған жөн. Кез келген практикалық сабақтар сіздің кәсіби тұрғыда өсуіңіз бен дамуыңызға айтарлықтай пайда әкеледі. Мәселен, қысқа мерзімді курстарда актерлік шеберлікпен, сахналық сөйлеумен, вокалмен және бимен шұғылдана аласыз. 

Әрқашан да практика керек. Тіпті достар мен жақындарыңызға қойылған ең қарапайым әуесқой спектакльдер де сізді сахнадан қорықпауға және аса маңызды жобаларда өзіңізді сенімді сезінуге үйретеді. 

Арнайы әдебиет. Актерлік шеберлік теориясы бойынша кітапты, психологиялық оқу құралдарын қашанда қолда ұстаңыз. Сондай-ақ, атақты актерлердің өмірбаяндары мен тәжірибесіне негізделген шығармаларды да көп оқыңыз. 

Спектакльдер мен киноларды қарау. Басқа актерлердің қойылымдарына немесе түскен фильмдеріне жиі барыңыз. Олардың сөздерін, мимикасын, кадрдағы және сахнадағы мінез-құлықтарының айырмашылығын бақылаңыз. Ең сәтті болған мысалдарды қайталауға тырысыңыз, басқалармен жиі тәжірибе алмасыңыз. Өзіңіз бен басқалардың жетістіктеріне қуаныңыз және үйреніп алудан қорықпаңыз. Және басқалардың қателіктерін айтудан тартынбаңыз — бұл актерлік шеберлікті меңгерудегі  өте маңызды әдістердің бірі.

 

Білімді таңдау

Арнайы білімсіз актер болуға болады ма? Әрине, керемет таланты мен сәттілік жұлдызына сенгендердің ішінде бірқатары қазіргі таңда біршама танымал актерлер мен актрисаларға айналды. Мамандандырылған білімсіз кинода рөл сомдауға болады. Бірақ, егер сіз сонда да сәттілік жұлдызынан гөрі актерлік білімге сенетін болсаңыз онда бұл мәтін арнайы сіз үшін жазылған. Еліміздегі өнер адамдарының қара шаңырағына айналған Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын және “Шабыт” өнер академияларын қазіргі таңда актерлерді даярлайтын бірден-бірден білім ордасына жатқызуға болады. Сондай-ақ, бүгінде көптеген курстар мен арнайы мектептер көптеп ашылуда. 

 

Оқу орнына түсу

Қазіргі барлық танымал актерлер өздерінің абитурент кезінде тапсырған шығармашылық емтихандарын ерекше сезіммен еске алады. Актерлік мамандыққа түсудегі бәсекелестік соншалық, кейде бір адамның орнына 500 адамдай бақ сынайды. Актер мамандығына өтінім берген болашақ студенттер әдетте бірнеше этапты шығармашылық емтихан тапсырады. Оны әрбір университет өзіндік жүйесіне енгізе отырып қабылдайды.  Шығармашылық емтиханға ерекше дайындалған жөн. Қандай да бір қойылым, өлеңдер және проза даярлау керек. Қосымша тағы бірнеше нұсқаларды да әзірлеп қойған жөн. Оларды  жатқа біліп, сүрінбейтіндей, ұмытып кетпейтіндей етіп дайындалыңыз.  Әдетте комиссия мүшелері шығарманы бірнеше эмоцияға сала отырып көрсетуіңізді немесе тағы да басқа өнерлеріңіз туралы сұрап қалуы мүмкін. Cіз егер де ән айта алмай, би билей алмасаңыз да, ештеңе етпес, ең бастысы өзіңіз үшін қиынға соқпайтын кішігірім әннің шумағы мен көңілді бидің қимылдарын жаттап алыңыз. Бұл дайындықтар кез-келген емтиханда керек болып қалуы мүмкін. 

 

Оқу процессі

Бұл процессте әрбір шебердің өз ұстаханасы болады. Тек барлығы сіздің жолыңыздың қайсысына түсетініне байланысты. Яғни кез-келген маман студенттеріне тек өзі бастан кешірген тәжірибе мен тек жеке өзі өткерген практикасымен бөлісетін болады. Және бастысы сіздің тегіңіз жазылған “актер” мамандығын алды деген диплом болады. Бұл өз кезегінде кәсіби кино- қауымдастыққа кірудің, сахнада жұмыс істеу тәжірибесін алудың, шын мәнінде қызығушылық танытқан адамдарға өз дарындылығыңыз мен шеберлігіңізді көрсетудегі сенімді әрі таптырмас жолы болары анық.

 

Портфолио

Портфолионың маңыздылығы мен рөлі ерекше. Ол сіздің визитті карточкаңыз іспеттес. Сапалы портфолионың негізі сапалы суреттерде жатыр. Жарық, сапалы және адам портретін жақсы әрі айқын бейнелейтін фотосруеттерді қолданыңыз.  

Фотосет дайын болған соң - тегін актерлік базалардың бірінде өз аккаунтыңызды ашыңыз. Өзіңіз туралы ақпараттар мен деректерді  тек шындыққа жанаса отырып жазыңыз, бойыңызда  бар тәжірибені көрсетіңіз, фотосуреттерді жүктеуді ұмытпаңыз. Сіздің портфолио қаншалықты сапалы болса, соншалықты перспективалы жұмыс болуы мүмкін.

 

Халыққа тиімді болу

Егер сіз көпке жақын емес интроверт болсаңыз актерлік мамандықпен қош айтыса беріңіз. Себебі, актердің түскен фильмін халық тамашалайды, сәйкесінше актер өзінің көрермендерімен тығыз байланыста болуы қажет. Табысқа жету жолында сізге күніне ондаған танымайтын жандармен араласып, оларға күлімсіреп, өзіңізді дұрыс көрсете білуіңіз қажет. Әлеуметтік желілерде белсенді болыңыз, жанкүйерлеріңізбен жиі тілдесіп тұрыңыз. Сондай-ақ, өзіңіздің шығармашылық тобыңыз бен компанияның әріптестеріне жылы көз-қараспен қараңыз. 

 

Жаттығыңыз

Есте сақтау қабілетіңізді жаттықтырыңыз. Бұл актер үшін өте керек дүние. Ұзақ монологтар, стенд-ап қойылымдар, өлеңдер мен әндердің мәтінінің үлкен бөлімдерінен тұратыны ғажап емес. Қысқа уақыт ішінде жаттап алуға өзіңіздің бойыңызды үйретіңіз. Себебі, кез- келген режиссер телесуфлерсіз ойнай білген актерді жете бағалап, оны бұдан да бөлек жобаларға шақыруына зор мүмкіндік береді. 

Актерлік ауқымыңызды кеңейтіңіз. Әр түрлі акценттер мен диалектілерді үйреніңіз. Мәселен, эмоционалды итальянды, қатал сибиряк пен  қызу қанды Кавказ кейіптерін сомдап көріңіз. Оны Youtube желісіндегі көрсетілген шетелдік кинофильмдерден немесе роликтерден тамашалап, көрсетілген іс-қимылдармен мен мимикаларын үйренуге тырысыңыз. Мұндай жаттығулар сізді әмбебап актер етуге және жаңа рөлдерді тез игеріп, оңай сомдауға зор мүмкіндігін береді.

 

Кастинг

Кастингтер мен сынамалар кез-келген актер үшін біраз уайымды нәрсе екені мәлім. Алайда, бұл актерлік мамандықтың ажырамас бөлігі. Барлық жерден өзіңізге рөл іздеңіз. Тіпті ол кішігірім рөл болсын, жарнамалық ролик болсын, жаңа бастап жатқан режиссерлердің дипломдық жұмыстары болсын  және тіпті қандай да бір тегін жобалар болсын, кез-келген жерден өзіңізге мүмкіндік іздеңіз. Кастингте керек болар деген қағидалар мыналар:

Дайындалыңыз. Кастинг болып жатқан кезде алдын-ала арнайы сценарий немесе қандай да бір бағдарлама жазылған парақ таратылады. Уақытыңызды кезекте босқа құртпай, дайындалыңыз, миыңызды үйретіңіз. Қажет болған жағдайда материалды жаттап алуға тырысыңыз.

Сыпайы болыңыз. Кастингке алдын ала келіңіз, ұялы телефонды өшіріңіз, сыпайы және қарапайым сөйлесіңіз, құрмет көрсетіңіз. Адамдарды мұқият тыңдаңыз және сізге қажет нәрсені барынша орындауға тырысыңыз.

Уайымдамаңыз. Босаңсымаңыз, өз мақсатыңызға асығыңыз. Анық және сенімді сөйлесіңіз. Басқа келген жандарға қарағанда дәл сіздің аталған рөлге дайын екендігіңізді көрсетіп, лайықты екеніңізді дәлелдеңіз. 

Ерекше болыңыз. Басқаларға ұқсамаңыз. Режиссердің таңдауын өзіңізге бұру үшін жарқын болыңыз, қозғалысыңызға мән беріңіз, тіпті гардеробтағы ерекше затты, әдемі детальді әшекей бұйым болсын ала жүріңіз. Мұның барлығы сізді есте сақтауға көмектеседі. 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  http://7ly.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы