Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 тамыз, 202042

Актер Қасым Жақыбаев туралы фильм түсірілмек

«Қасым Жақыбаев деген кім?» дерсіз. Келешекте мұндай сұрақтар туындамас үшін режиссер Камилла Бердімұратова талантты тұлға туралы деректі фильм түсіріп, отандық кинода өзіндік із қалдырған жан жайында естелік жасамақ.

Режиссер Камилла Бердімұратова Қазақстанның Халық әртісі Қасым Жақыбаевты өзінің деректі фильміне арқау етіп, оның есімін тарихта мәңгі қалдырмақ. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші питчингінің нәтижесі бойынша мемлекеттік қаржыландыруға ие болған жоба актердің есімін еншілеп, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен түсірілмек.

Енді Қасым Жақыбаев жайында бірер сөз. Бұл талантты тұлға отандық театр мен киноның аңызы десек артық емес. Оның актерлік өнер жолы Алматы жастар театрынан басталған. Жас актер 19 жасында өзінің алғашқы қойылымын - «Золотой ключик» ертегісінде Базилио мысығын орындап шықты. Содан бері ол театр сахнасында 300-ден аса образ сомдады. Актер сонымен қатар «Дерсу Узала» (1961), «Отырардың күйреуі», «Подарок Сталину» сияқты фильмдері және де «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясындағы рөлдері арқылы танымал болды. Алайда актерге үлкен танымалдық әкелген «Трое» фильмі болды. Осы картинадағы рөлі үшін Қасым Жақыбаев «Жақсылық пен әділеттілікті ұжымдық іске асырғаны үшін» дипломымен марапатталған.

Актер жайында фильм түсіретін режиссер Камилла Бердімұратованың өзі Қасым Жақыбаевтың ең адал жанкүйері екен. Сондықтан деректі лента әсерлі болайын деп тұр. Қазіргі таңда картинада актер жайында естелікпен бөлісетін адамдардың тізімі бекітіліп жатыр. Фильм сол естеліктер негізінде жасалмақ. Сонымен қатар, Қасым Жақыбаевтың жақындары мен туыстарынан бөлек, түсірілім алаңында режиссерлер көрнекті актер рөлдер сомдаған фильмдердің режиссерлерімен де кездесетін болады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhcinema.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы