Размер шрифта:

Цветовая схема:

03 тамыз, 202061

Актриса Гүлнар Сильбаева тұрмысқа шығады

Танымал актриса, КВН ойындарының жұлдызы Гүлнар Сильбаева сүйіктісінен үйлену туралы ұсынысын қабыл алды.

Қалыңдықтар қатары тағы да көбейді. Бұл жолы отандық кинолардың жұлдызы, ерекше талант иесі Гүлнар Сильбаева болашақ қалыңдық атанды. Тамыз айының бірінші жұлдызында актрисаның сүйіктісі Жанболат көптің назарының алдында Гүлнарға болашақ жары болуға ерекше ұсыныс білдірді. Ол туралы әртістің жақын достары мен әріптестері өз әлеуметтік желілерінде асыға бөлісе бастады. Гүлнардың таңдауы Жанболат Төлеген есімді жігітке түскен. Ол да өнерден алыс емес. Кәсіби бимен айналысатын Жанболат өз жолын Тараз қаласынан бастаған. «Биле, Қазақстан» және «Танцы» атты көптеген телевизиялық жобалардың қатысушысы атанып, отандық жұлдыздар мен әртістердің бейнебаяндарында сахналық билер қойып, өнер көрсетеді. Ғашықтар екі жыл көлемінде кездесіп, үйленуге жөн байлаған.

Гүлнар Сильбаева 1986 жылы 22 қыркүйекте Орал қаласында дүниеге келген. Ол кішкентай кезінен гиперактивті бала болып өскенін мойындайды. Оның ата-анасы балаларының  энергиясын дұрыс бағытқа бағыттау керектігін түсінген.  Сөйтіп, сегіз жастағы Гүлнарды Островскийдің балалар және жасөспірімдер студиясының тәліміне береді. 16 жасында Сильбаева театр, хореография және вокалдық үш бөлімде білім алып аяқтайды.

Ол колоратуралық сопрано сирек кездесетін ерекше дауыстың иесі. Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясында музыкалық оқуын жалғастыруға шақыртылған.  Бірақ актриса Алматы қаласын таңдайды. Ол 16 жасында SuperStar.KZ музыкалық шоуына қатысуға ниеттенеді. Ата-анасы қыздарының бұл шешіміне кедергі жасамады, керісінше, олар баласының мұндай байқауда өнер көрсетуіне барынша қолдауларын білдіріген. 

Сильбаева біршама уақыт бойы КВН әлемінде талай жетістіктерге қол жеткізіп, енді өзін кино әлемінде сынап көруді шешеді. Бастапқы кезде жас актрисаға кішігірім рөлдер беріле бастады.  Оның алғашқы жұмыстары ретінде мына туындыларды айтуға болады.: "Одноклассники" (2012) сериясында Гүлнар Жібек есімді қызды, ал "25-ші шақырымда" жобасында Бану есімді тазалаушы қыздыі рөлін сомдайды.

 

Сильбаеваның алғашқы үлкен жұмысы- 2012-2013 жылдары шыққан комедиялық телесериал болды. Жобаның продюсері - Нұрлан Қоянбаев, ал басты рөлдерді "Казахи" командасының қатысушылары сомдады. Кейін "Гейзер" (2013) комедиялық сериалында, «Одноклассники», «25-й километр», «Базарбаевы», «Молоко Сметана Творог», «Гламур для дур», «По любви», «Я - жених» сынды кинофильмдерінде бой көрсетті.

Гүлнар кино түсірілімдері оған тек шығармашылық қана емес, адами тәжірибе де әкелетінін мойындайды. Камера алдындағы жұмыс актрисаны үйреншікті нәрселерге жаңа көзқараспен қарауға, өзіңізден және айналаңыздан өзгеше қырларды ашуға өз септігін тигізеді дейді. Лайықты рөл үшін Сильбаева көп нәрсеге дайын екендігін айтады.

2018 жылы экранға "Я - жених" романтикалық комедиясы шықты (атаудың тағы бір нұсқасы - "Жених на пять дней"), бұл  Гүлнар үшін ерекше картиналардың бірі болған еді. Бұл кинофильмде актриса басты рөлдердің бірін сомдаған болатын. Оның кейіпкері Әлия ата-анасын сүйікті адамымен таныстыруды шешеді, бірақ жігіті келісілген кездесуге келе алмайды. Осылайша, қызға әріптесі Тимур көмекке келеді. Картинаның режиссері өз туындысын отбасылық тамашалауға арналған жеңіл комедия деп атайды, оның барысында кейіпкерлердің оқиғалары көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  @Naarah_s

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы