Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 сәуір, 202064

Алматыда Халықаралық балалар және жасөспірімдер кинофестивалі өтеді

Болашақ киногерлер үшін үлкен мүмкіндік. Алматы қаласында балалар арасында кино конкурсы өтпек. 

Еліміздің өнер орталығында алғаш рет Халықаралық «Мечтатель»  балалар-жасөспірімдер кинофестивалі өтеді. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау осы жылдың 10 мамырында аяқталады. Балалар арасында өтетін кинофестиваль кішкентай болашақ кино жұлдыздар үшін зор мүмкіндік екені рас. Жарыс балалардың шығармашылық шекарасын кеңейтуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Конкурстың басты мақсаты - жаңа таланттардың жұлдызын жағу.

 

Конкурс мынадай  негізгі номинациялар бойынша өтеді: 

 

▪  “Үздік ойын фильмі”

 

▪ "Үздік деректі фильм”

 

▪ "Үздік анимациялық фильм"

 

Дипломдармен келесі номинацияларда жеңген жұмыстар марапатталады:

 

▪ "Үздік әлеуметтік ролик”

▪ "Ұялы телефонға түсірілген үздік фильм”

 

▪ "Үздік телесюжет”

 

▪ "Үздік драмалық фильм”

 

▪ "Үздік комедиялық фильм”

 

▪ "Үздік триллер/қорқынышты фильмдер”

 

▪ "Үздік бейнеблог”

 

▪ "Үздік актриса”

 

▪ "Үздік актер”

 

▪ "Үздік сценарий”

 

▪ "Үздік режиссерлік жұмыс”

 

▪ "Үздік операторлық жұмыс”

 

▪ "Фильмнің үздік дыбыстық шешімі”

 

▪ "Үздік монтаж”

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар сондай-ақ қосымша "Мен- волонтермін!", "Абай" және "Карантин" номинациялары бойынша да өз жұмыстарын ұсына алады.

 

Конкурсқа тұрғылықты жері  мен азаматтығына қарамастан 7 мен 17 жас аралығындағы жас режиссерлер, сондай-ақ жасөспірімдер мен балалар студиялары, орталықтар мен мектептердің қатысуына зор мүмкіндіктері бар.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  brod.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы