Размер шрифта:

Цветовая схема:

04 қыркүйек, 202040

Алматыда кинотеатрлар жұмысы жандануы мүмкін

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы кинотеатрлар жұмысының жандануының шарттарымен таныстырды.

«Қазір театрлар мен кинотеатрлар онлайн-режимде жұмыс істеп тұр. Қазір әр театр бойынша нұсқаулықтар пысықталып, театр мен музей әкімшілігі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететінін қарастырып жатырмыз. Бұл дегеніміз ара қашықтықты сақтау, бетперделер тағу және бұл нысандарда адамдар көп шоғырланбауы керек деген сөз. Егер бұл талаптар орындалып, санитайзерлер орнатылса, бұл нысандар жұмыс істейтін болады», - деді Бекшин.

Алматының бас санитар дәрігері отыру орындары мен қатарлардың арасындағы қашықтық 1 метрге жетсе, кинотеатрлар мен театрларға залдарды 30%-ке толтыруға дейін рұқсат берілетінін айтты.

«Енді көрермендерге келетін болсақ. Қазір кинозалдарға 30%-ке дейін көрермендерді кіргізу туралы рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр. Залдың кескіндемесіне қарай көрермендерді мүмкін шахмат түрінде, болмаса қатар арасында немесе бүйірдегі көршілер арасындағы қашықтықты бір метрге дейін сақтай отырып, отырғызу ретін әркім өзі нақтылайды. Осындай ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Әр театр өзінің кескіндемесіне қарай нұсқаулықтарды өздері береді. Егер аталған барлық талаптар сақталатын болса, кинотеатрлар жұмысына рұқсат беріледі», - деді Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  pixabay.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы