Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 шілде, 202043

Алматыда "Немного женаты" телехикаясының түсірілімдері басталды

Еліміздің өнер шаһарына айналған Алматы қаласында "Немного женаты" көпсериялы комедиялық туындысының түсірілімдері өтіп жатыр. Жобаның бас продюсері ретінде "Гудбай, мой бай", "Аташка на хайпе" және "Гудбай, мой бай 2" кинофильмдерінің авторы Сәбит Рахымбаев еңбек ететін болады.

Фильмдегі оқиға желісі бойынша, кинодағы басты  кейіпкерлердің ата-аналары қазақи "атастыру"  салтын қолданып, балаларын үйлендіруге шешім қабылдайды.  Алайда жастар алдарынан кездесетін қиын сынақтардан өтіп, өздерінің шынайы махаббаттарын дәлелдеуі шарт.

@8asiya

Аталған картинаға Дастан Алдабек режиссерлік ететін болмақ. Қоюшы-оператор болып Асқар Серікқазин және қоюшы-суретші ретінде Света Нечепуренко тағайындалды.

"Немного женаты" кинокомедиясының басты рөлдерін Тұрар Давильбеков, Әсия Шейхман, Динара Урбиссинова, Амина Мектепбаева, Татьяна Тұрлай және Әділет Бисариев сомдайтын болады. 

Жас актриса Әсия Шейхман өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында барша түсірілім тобына және режиссерге көрсетіп жатқан қолдаулары үшін ерекше алғысын білдіретіндігін жеткізген болатын. 

 Әсия Шейхман, актриса: 

 "Ешкімге құпия емес, бұл менің алғашқы тәжірибем. Мен продюсерге, режиссерге және бүкіл түсірілім тобына баға жетпес қолдаулары мен сенімдері үшін ризамын, өйткені менің "актриса" болып қалыптасуымның бастапқы кезеңінде олар маған ерекше қолдау білдірді. Режиссер әрбір сәтсіз дубльден кейін маған қобалжымауымды сұрап, өз кейіпкерді қалай дұрыс сезіну керек, рөлді қалай шынайы сомдау керектігін түсіндіріп, көптеген ақыл-кеңестерін беріп тұрады, мұны мен ешқашан ұмытпаймын"

@8asiya

Айта кетейік, "Немного женаты" телесериалы көрермендерге осы күзде "31 арнада" көрсетілетін болады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы