Размер шрифта:

Цветовая схема:

07 шілде, 2020100

Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті болып тағайындалды

Еліміздегі белгілі режиссер, белді киногерлердің бірі Ақан Сатаев қазақ кино өнерінің қара шаңырағына айналған Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті лауазымына тағайындалды. 

Мұндай ақпарат Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығы негізінде министрліктің Facebook  желісіндегі парақшасында жарияланған болатын. Ақан Сатаевқа дейін «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінде Арман Асенов болған еді. 

@zhainaabdi

Ақан Қарғамбайұлы Сатаев  1971 жылы желтоқсан айының жиырма үшінші жұлдызында Қарағанды жерінде өмірге келген. Қазақстандық танымал кинорежиссер, актер, сценарист және кинопродюсер. 1994 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевизия факультетінде білім алып, бітірген. Ақанның әкесі  Сатаев Қарғамбай Рахымжанұлы Қазақ КСР Халық әртісі, театр және кино актері болған. 

Академияда білім алып жүрген  кезінде 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғалары туралы Қалдыбай Әбеновтың “Аллаһ” фильмінде Азат есімді студенттің басты рөлін сомдайды. Академияны бітіргеннен кейін түрлі көркем фильмдерде бой көрсетіп жүрді. Сонымен қатар, кішігірім кино жобаларға  режиссер және жарнамалық роликтердің продюсері ретінде жұмыс істей бастады. 2003 жылы Sataifilm киностудиясының негізін салады. Киностудия 300-ден астам жарнамалық роликтерден түсірген. 2014 жылдың қорытындысы бойынша халықтық дауыс беруі арқылы Қазақстан киноиндустриясының үздік қайраткері болып танылып, "Жылдың Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. 2016 жылы Astana Film Found қорын құрды, оның мақсаты қазақстандық жас режиссерлерді қолдау және аз бюджетті авторлық кино шығару болып табылады. 2012 жылы Қазақстан Кинематографистер одағының "Құлагер" ұлттық сыйлығының лауреаты атанған болатын.  Қазақстандық кинолар ішінде үздігі атанған "Анаға апарар жол" толық метражды көркем фильмі үшін 2018 жылы әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.  "Алтын Жұлдыз" сыйлығының бірнеше рет жеңіп алған.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды. Ақан Сатаев режиссерлік еткен кино тізімде мынадай картиналар бар: “Рэкетир”, “Адасқандар”, “Ағайынды”, “Ликвидатор”, “Жау жүрек мың бала”, “Бауыржан Момышұлы”, “Рэкетир 2”, “Хакер”, “Блогер”, “Анаға апарар жол” , “Районы”, “Бизнесмены”  және “Томирис” кинокартиналары бар. 

 

 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  liter.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы