Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 тамыз, 202046

"Artishok" театрының актерлері даяшы болып жұмыс істей бастады

Алматыдағы мәдени ошақ "Artishok" театрының әртістері және бір топ ұжым карантин жағдайында даяшылық қызметке кірісті. Осындай қиын жағдайда сүйікті жұмыстары тоқтап қалған олар өз көрермендерімен жүздесудің ерекше жолын тапқан секілді. Актерлер сахнада емес, енді кофетерия «даяшы» рөлінде өнер көрсететін болмақ. Бұл шешімді қуана қолдаған театр басшылығы да өз ойымен бөліскен еді. 

"Artishok" театры өзінің 20-шы маусымына дайындықты бастап кетті. Бүгінгі таңдағы карантин шараларына байланысты рұқсат берілмейтін әртүрлі мәдени іс-шаралар, көпшілік жиналатын концерттер мен қойылымдар біршама өнер ошақтарын, оның ішінде театр қызметін де тоқтатқаны белігілі. Бірақ "Artishok" театры ұжымы қазіргі таңда офлайн-белсенділік танытудың жалғыз заңды мүмкіндігін қолдануға шешім қабылдаған. Мәдени ошақ қаланың қақ ортасынан өзінің ерекше кофеханасын ашқан. Келушілерді даяшы-актерлер Алматы қаласындағы "28 гвардияшы-панфиловшылар" атындағы саябақта орналасқан кофейнясында күтеді.

Күн сайын "ARTиШОК" театрының әртістері және  олармен бірге театрды қолдау үшін олардың достары, әріптестері, музыканттар мен блогерлер, қоғам қайраткерлері және тіпті белсенді алматылықтар, сондай-ақ, "ARTиШОК" театрының сүйікті көрермендері және театрдың актерлік-режиссерлік курс студенттері даяшы болып, қонақтарды  қарсы алатын болмақ. Әрине, ашық аспанда ашылған ерекше орын барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс істейтін болады. Кафеге 30 келушіден артық орын қарастырылмаған, әлеуметтік қашықтық пен керек деген барлық санитарлық стандарттар сақталады.  Сонымен қатар, келушілерге хош иісті ыстық кофе және жаңа піскен кондитерлік өнімдер ұсынылатын болады. Және бұрын соңды болмаған үлкен әрі маңызды артықшылық - театрдың бұрыннан көрмеген сүйікті актерлерімен және әртістерімен жүздесуге мүмкіндік алу.

Анастасия Тарасова, "Artishok" театрының басқарушы директоры:

- Биыл "Artishok" өзінің 20 жылдық мерейтойын қарсы алады. Бірақ, өкінішке орай, біз өз жұмысымызға қашан кірісіп, қандай нысанда бастай алатынымызды ешкім білмейді. Шыны керек, бұл қазіргі таңда кез-келген театрмен мен әртүрлі мәдени мекендер үшін қаржылық жағынан да, моральдық жағынан да қатты соққы болып отыр. Біз енді жұмыссыз үйде қала алмаймыз. Бұрынғы еш алаңсыз жұмыс істеп жүрген уақыттың оралуын күтіп отыра алмаймыз.

 Менің ойымша, театр болашақта өз жұмысына тезірек кірісіп кетуі үшін қазірден бастап кез-келген шараға бейімделіп, жұмыс істеу мүмкіндігі мен басқа да форматта қызметін жалғастыруды жоспарлау қажет.  Ал біз алматылықтарға қалада әлі де театр бар екенін, оны әртістермен бірігіп отырып адамдардың өздері-ақ жасай алатындығына көздерін жеткізуге тырысып келеміз.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  forbes.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы