Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 қыркүйек, 20208

Аружан Джазильбекова және оның фильмографиясы

АҚШ-тың Golden Screen Awards сыйлығын жеңіп алған, көптеген отандық әрі шетелдік кинокартиналарда басты рөлді сомдайтын, көрерменің көзайымына айналып, көптің сүйікті актрисасы бол білген Аружан Джазильбекова туралы не білесіз? Бүгін актриса бой көрсеткен фильмдердің топтамасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Аружан Джазильбекова 1986 жылы 25 маусымда Алматы қаласында туған. Нөмірі 105 халықаралық лингвистикалық мамандырылған мектепте білім алған. 2007 жылы Халықаралық журналистика мамандығы бойынша біліп алып, жоғары оқу орнын аяқтайды. 2004 жылы Аружан Ford Models Supermodel конкурсында жеңіске жетіп, әлемдік кутьюрлардың сән апталығында модель ретінде өнер көрсете бастайды. Advertising журналында жетекші редактор қызметінде және Pr бағыты бойынша жұмыс істейді. Акрисаның өнерге деген қадамы 2010 жылы «Качели любви» атты кинокартинадан бастау алды. Одан соң «Асель, друзья и подруги» деген жастарға арналған комедиялық телехикаяда басты рөлді сомдайды. Аружан Джазильбекова өмір жолын кино әлемімен байланыстыруды қалады. Сол мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіби білім алу мақсатанда  Лос-Анджелеске актерлік шеберлік бойынша курсқа аттанады. Қазір актрисаның фильмографиясында жиырмадан аса картиналар бар. Олардың басым бөлігінде Аружан басты рөлдерді сомдаған. Фильмдердің қатарында қысқа метрлі де, кино байқаулары үшін түсірілген авторлық картиналар да, халықаралық деңгейдегі ленталар мен коммерциялық кинолар да бар. Одан қоса, Аружан көптеген шетелдік режиссерлермен және актерлермен тәжірибе алмасып, кино әлемінде бірқатар дәрежеге жетіп келеді. Аружан Джазильбекова Америка Құрама Штатында ұйымдастырылған ауқымды кинобайқауда «Композитор» фильміндегі рөлі үшін  «Үздік әйел рөлі» деген номинациясы бойынша Golden Screen Awards сыйлығына ие болды. Актриса бұл оның карьерасындағы ерекше марапаттардың бірі екендігін еш жасырған емес.

«Асель, друзья и подруги»

Аружан Джазильбекова сомдаған алғашқы картиналардың бірі «Асель, достары мен құрбылары» деп аталады. Бірден үш киногер Альмири Карпыков, Шыңғыс Капин және Галина Евимовалардың режиссерлігімен түсірілген картина. Жастарға арналған отандық телесериал 2010 және 2011 жылдар аралығында республикалық «Ел арна» телеарнасында көрсетілген. Сценаристері Зәуреш Ерғалиева, Альбина Ахметова, Оксана Бондаренко, Константин Козлов. Руслан Муратов композиторлік еткен телесериалдың продюсерлері Абай Карпыков пен Альмири Карпыковалар. Картина танымал француздық «Элен и ребята» атты сериалдың қазақстандық нұсқасы болып саналады. Сюжеттік желі Асель есімді жас бойжеткеннің студенттік өмірін бейнелейді. Ол екінші курста білім алады, оның жанашыр құрбылары және көңілді достары да сол университетте оқып, Асель тұратын жатақханада өмір сүреді. Отандық сериал Қазақстандағы жастардың күнделікті мәселелері мен жалпы қазіргі заманғы проблеманы суреттейді. Жастық шақтағы адал махаббатты құру оңайға соқпайтынын көрсетеді. Кей достардың арам пиғылы мен қолға оңай келген ақшаның құны болмайтындығы туралы айтылады. Жастық кездегі көңіл- көтеру мен азғыратын дүниелердің көп болары бейнеленеді. Қолдау аз кездегі жұмыс пен оқуды қатар алып жүрудің қандай қиындығы суреттеледі. Және жастық шақ – ол арман мен мақсаттың тоғысып, алға қарай бір сарынға салатын өмір жолының бір кезеңі екендігі көрсетіледі. Басты рөлдерді Аружан Джазильбекова, Фаррук Талғат, Ренат Мальцагов, Антон Митнев, Айсұлу Ахибаева, Самат Мамиев, Фируза Гареева, Валентина Зинченко, Азат Сейтметов, Нина Жмеренецкая, Зухра Тасырова, Владимир Толоконников, Дарья Вагапова және Әсел Сәдуақасова сында дарынды актер мен актрисалар сомдаған.

«Качели любви»

Марат есімді жас жігіт екі жылдық әскердегі борышын өтеп, елге оралады. Бұл уақытта оның өмірге деген арман, ниеттері, мақсаттары мен көзқарасы түбегейлі өзгереді. Өзгермеген тек бір нәрсе ғана, ол шын сүйген Анель есімді қызға махаббаты. Марат болмаған уақытта оның қоршаған ортасы, жігіттің достары қатты өзгерген. Оның жан досы Сәкен өмірде бәрінен қол үзіп, ауыр жағдайға дұшар болады. Бұл әрине Маратты қатты қынжылдырды. Бірақ барлығы әлі алда еді. Оны алда айтулы кездесу күтіп тұрған еді. Бәрі Марат пен оның бұрынғы махаббаты Анельдің кездейсоқ кездесуінен басталады. Жүкті Анельді көрген Мараттың жүрегі қатты ауырды. Бірақ әскерден кейінгі қалыптасқан қатты мінез сыр білдіртпеуге үлкен көмегін тигізеді. Жағдайды жеңілдеткен тек бір ғана адам. Ол Анельдің жан құрбысы Мира. Мира өте сауатты әрі дана болатын. Мира Маратты көрген кезден-ақ, оған деген ыстық сезімі бар екендігін сезді, алайда бұл сезімдерді ол жасырып қалды. Өзінің қалауын ысырып тастап, Мараттың Анельді кешіруін, ол екеуінің ара-қатынасының түзелуіне көп күш жұмсады. Махаббат үшбұрышы қалай жалғасар екен? Фильм қуаныш пен қайғыда жаныңнан табылар адамдардың тағдыры жайында да бейнеленеді. «Қазақфильм» киностудиясының туындысы 2012 жылдың сәуір айының бесінші жұлдызында көрермен назарына ұсынылды. Тоқтар Қарсақбаев кинокартинаның режиссері әрі сценарйи авторы ретінде жұмыс істеді. Қоюшы- ператор Мұрат Нуғманов, қоюшы – суретші ретінде Алексей Шиндин қызмет етті. Продюсері Майра Қарсақбаева. Басты кейіпкерлердің рөлдерінде Әділ Талипов, Аружан Джазильбекова, Динара Тлендиева, Орынғали Ахзметов, Марат Тойшыбеков, Нұрлан Сарсеков, Евгений Шамрай және Алмагүл Баймұхановалар бой көрсетеді.

«Сердце мое- Астана»

Отандық мелодрама көптің көңілінен шыққан көркем туынды бола білді. Жоба бойынша көптеген режиссерлер жұмыс істеді. Олардың қатарында: Егор Кончаловский, Эля Гильман, Алексей Голубев, Джулия Гани, Рашид Адай Сулейманов, Сергей Дебижев,  Жасұлан Пошанов және Айдар Баталовтар бар. Осыншама көп режиссерлер бір картина оның ішінде көптеген, атап айтсақ онға жуық бір-бірімен байланыспайтын хикаяларды суреттейді. Әр режиссер өзінің бір хикаясына жауапты. Сюжеттік желісі бойынша, бұл отандық тележоба американдық «Нью-Йорк, я люблю тебя», француздық «Париж, я люблю тебя» және ресейлік «Москва, я люблю тебя!» атты картиналарына ұқсас болып келеді. Лентаның әлемдік премьерасы 2012 жылы наурыз айының 8 жұлдызында әлемдік қыз- келіншектер күніне орай өткен болатын. Фильмге әуен жазған композиторлар қатарында Ренат Гайсин, Виктор Сологуб, Валерий Парамановтар болды. Ал Сергей Никоненко, Наталья Ходус, Нұрлан Утешев, Аружан Джазильбекова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Асель Жұмабаева, Евгений Жұманов, Алихан Идришева, Сейдулла Молдаханов, Тәңірберген Бердонғаров және Жандос Аубакировтар «Сердце мое- Астана» кинокартинасының басты рөлдерін сомдаған актерлер.

«Санжар мен Қайсар»

Бұл жоба актриса Аружан Джазильбекова үшін үлкен «вызовпен» тең болды. Себебі, қазақша жобалары әлі бола қоймаған Аружан үшін бұл жаңашылдықпен тең болғаны ғажап емес. Сонымен қатар, картина комедия жанрында әрі балаларға арналған. Әйтсе де, Аружан Джазильбекова өз рөлін жеткілікті деңгейде керемет сомдап шықты. Бұл оны басқа қырынан танылуына және көптеген рөлдерді сомдай алатындығына тағы бір дәлел бола алғаны рас. Картина еліміздегі балаларға арналған алғашқы сериалдардың біріне жатады. Телесериал бір үйдің Санжар мен Қайсар есімді мінездері екі түрлі ағайындылар туралы. Санжар – оқуға жаны құмар, ғылым мен білім қуаған ақылды бала. Ал Қайсар – мінезі ашық, ойын мен күлкіге әуес қылықты бала. Әрбір серия сайын екі ағайындылар көңілді әрі таңғажайып оқиғаларды бастан өткереді. Бірде орманда адасып, кейде Айдаһардың тілін табады. Бір уақытта өзге ғаламшарлықтардың жасырған құпиясын біліп қойып, оны жариялауға сәл-ақ қалады. Әр серия сайын олар қорытынды ойға келіп, болған оқиға турасында дұрыс шешім шығаруға тырысады. Балалар мен жеткіншектер арасында кең танымал болған телесериалдың кейінгі маусымдары жазғы демалсыпен тұспа- тұс келеді. Бұл хикаяларында Санжар мен Қайсар да жазғы каникулдарына шығады. Олар бұл жолы бұрынғыдан да қызықты болар хикаялармен бөлісетін болады. Сериалда бүгінгі балалардың мінез-құлқы мен олардың қызығушылығын, олардың болмысын көрсетумен ерекшеленеді. Отандық комедия 2013 жылы Қазақстан Ұлттық телеарнасында көрсетіле бастаған. Рөлдерді сомдағандар: Аружан Джазильбекова, Байжан Еркежан, Есболған Нұрдәулет, Жұмабай Абылай, Тинбаев Жанат, Әбдінәбиева Ғазиза және Қажынәбиева Баян. Картина режиссер Ахат Ибраев.

«Ограбление по-казахски»

Фильм сюжеті Қытай Триадасынан 10 миллион еуро ұрлаған төрт достың қызықты және қауіпті оқиғаларына негізделген. Фильмнің басты кейіпкері қазақстандық банктердің бірінде жұмыс істейді және "офистік планктонның" классикалық өкілі болып табылады. Ол көп нәрсені армандайды. Бірақ ол армандарын бір сәтке ұмыта тұрады. Себебі, күтпеген жерден оны және оның достарын Банкті тонауға әрекет жасады деген күдікпен жемқор полиция қызметкерлерінің қолына түседі. Олар мұндай жазадан қалай құтыла алар екен? Немесе шын мәнінде банкті тонаған солар ма? Фильмде шытырман оқиғалар мен южеттік желілер өте көп. Криминалды комедияның режиссері Қайыржан Орынбеков, сценарий авторлары Фуад Ибрагимбеков және Қайыржан Орынбеков. Продюсерлері Алидар Өтемұратов, Андрей Распутин және Кирилл Рощин. Қоюшы- оператор Дмитрий Бондаренко, композиторлары Эмиль  Досов пен Михаэль Факиш. Монтажын жасағандар Дильшат Чоруков және Кристофер Бэлл. Әлемдік премьера 2014 жылдың 6 қарашасында өткен болатын. Жалпы бюджеті 2 000 000 АҚШ дорлларын құрады. Ресейдегі көрсетілімнен 20 315 АҚШ доллары көлемінде қаражат жиналған. Рөлдерде: Жандос Айбасов, Аружан Джазильбекова, Игорь Шин, Алексей Егоров, Ержан Бөлтірік, Байкенжет Бельбаев, Төлепберген Байсақалов, Ерік Жолжақсынов және Сафуан Шаймерденов.

«Рэкетир 2»

Аты шулы «Рэкетир» кинокартинасының жалғасы да жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Кинокартинаның сюжеттік желісі бойынша, басты кейіпкерге тағыда бір мүмкіндік беріледі. Барлығы оны өлді деп санайды. Русланның қазанынан кейін он жыл өтті. Русланның адал көмекшісі болған Саян барлық жағдайлардан кейін өмірін таза беттен, жаңа оқиғалардан бастағысы келеді. Оның үйіне марқұм бастығының інісі Була келгенде, Саян сақ болмақ болады. Және ол бекер емес. Кек қайтармақ болған Була және бұрынғы қателіктеріне жасағысы келмейтін Саян. Бұл жаңа оқиғада кімнің жолы болады? Фильмнің режиссері атақты киногер, дарынды режиссер әрі актер Ақан Сатаев. Сценариін жазған Тимур Жақсылықов. Қоюшы операторы Хасанбек Қыдыраливе. Фильмнің толық бюджеті 700 000 АҚШ долларын құрады. Картинан 2015 жылдың 28 мамырында көреремен назарына ұсынылған болатын. Басты рөлдерді сомдағандар қатарында: АружанДжазильбекова, Әсел Сағатова, Аят Өтепберген, Фархад Абдраимов, Саят Исембаев, Жан Байжанбаев, Азамат Сатыбалды, Дастен Шакиров және Максим Акбаров.

«Свадьба на троих»

Бұл Азамат есімді қу жігіттің кезекті шытырман оқиғалары туралы айтылатын көңілді картина. Ол Мәскеуде жұмыс істеп, сол қалада өмір сүреді. Оның Тимур есімді табысты әрі іскер жеке кәсіпкер  досы бар. Фильмдегі тағы бір кейіпкер- сұлу бойжеткен Алли. Ол өз сүйіктісіне ғашық және жақын арада тұрмысқа шығуға дайындалып жүр. Бірақ бәрі де бұлай оңай бола қоймайды. Келеңсіз жағдайлар тойдың өтуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл жағдайлардан фильмнің басты кейіпкерлері қалай шағады екен? Комедияның режиссері өзіндік штрихы бар талантты киногер Асқар Бисембин. Ол тек режиссер ғана емес, сонымен қатар фильмнің сценарий авторы ретінде жұмыс істеді. Сценарий жазған тағы бір автор Валисий Земзюлин. Қоюшы-оператор ретінде Айдар Оспанов еңбек еткен болатын. Композиторы Сергей Азбель. Суретші – Ілияс Тұрмахан. Кинолентаның продюсері Баян Ерімбет. Картинадағы басты кейіпкерлердің рөлінде Дәурен Айдарқұлов, Аружан Джазильбекова, Нұртас Адамбай, Антон Митнев, Игорь Личадеев, Азат Сейтметов, Данагүл Темірсұлтанова, Дмитрий Скирта, Алихан Индришева, Қадырбек Демесин және Дарья Александрова сынды актерлер бой көрсетеді.

«Побег из аула. Операция Махаббат»

Қаржылық проблемаларына дұшар болған бес дос алдағы өмірлерінен не күтерін білмейді. Алайда, кеше ғана ауылдан қалаға келген достар арасындағы Ербол есімді жігітті ауқымды мирас қоры бар бизнесменнің жалғыз қызы, сұлу бойжеткен Айсұлуға үйлендірмек болады. Олардың жоспарының бір бөлігі,  Ерболды байдәулетті етіп көрсету. Сол мақсатта криминалды авторитет Бузаубастан қымбат Роллс Ройс автокөлігін жалға алады. Олар өтірік пен шын өмірдің арасында жүріп, көптеген шытырман оқиғаларға тап болады. Осылайша, күндердің бір күнінде барлығы бес достың шын құпиясын біліп қояды. Олардың ендігі өмірі қалай жалғаспақ?

Фильм  2015 жылы үлкен экрандарға жол тартты. Отандық комедияның режиссері де, сйенарий авторы да, продюсері де әрі басты рөлді сомдаушы да Нұртас Адамбай. Қоюшы-оператор Азамат Дулатов, композиторы Никита Карев. Рөлдерде: Аружан Джазильбекова, Дінмұхаммед Ахимов, Максим Акбаров, Ерлан Қасымжанұлы, Жан Ізбасар, Алишер Өрікбаев, Бауыржан Орда, Айнұр Ілиясова, Әсел Қалиева.

«Анаға апарар жол»

Бұл картина талайдың көңілінен шыққан, айтулы отандық киноленталардың бірі. Ана махаббатын суреттейтін кинофильм отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті, отбасылық құндылықтарды дәріптейді. Көркем драмалық туындыға Ақан Сатаев режиссерлік еткен болатын. Картинаның көрермен назарына 2016 жылы 29 қыркүйекте ұсынылды. Лента түсірілімдері біршама елдерде өтті. 3 сағат бойы жалғасатын картина Қазақстан, Әзірбайжан елінің Баку және Лагич қалаларында, Берусияның Минск және Брест қалаларында түсірілді. Көркем туындыдағы сахналар 1930 жылдары қазақ елі өткерген қатал сындар мен ауыр кезеңдерді суреттейді. Олардың қатарында жұт, соғыс және ұжымдастыру жылдары бар. Басты кейіпкер Ілияс анаға барар жолда талай қиындықтар мен ауыр нәубеттер көрсе де, өз аяулы анасына, туған жеріне деген шынайы  махаббаты адастырмады. Ол тұтқынға түсіп, жазасын өтеушілер лагерінде болып, балалар үйінің тәрбиеленушілер қатарында болса да, қойған мақсатынан бас тартқан жоқ. Ана мен баланың, бала мен ананың арасындағы терең сезімдерді ерекше жеткізе білген картина талай жанның жүрегінен орын ала алды. Көп жан көзжасын жасыра алмаған кинотуындағы барлығы өз оң бағасын бергені рас. Фильмнің түсірілімдеріне 2000-нан аса адам қатысып, 300-ге жуық әскери техника тартылған. Картина продюсері Әлия Меңдіғожина, Әлия Назарбаева, Светлана Коротенко және Анна Чакиртова. Сценарийдің авторы Тимур Жақсылықов. Басты рөлдерде Берік Айтжанов, Болат Әбділманов, Азамат Сатыбалды, Аружан Джазильбекова, Еркебұлан Дайыров, Әділ Ахметов, Ерлан Кәрібаев, Әділ Болатбаев және Мерей Мақажан.

«Больше, чем кино»

Жас режиссер өзінің дебюттік кинофильміне қаржыландыру іздейді. Алайда, барлығы ол ойлағандай болмаған соң, балаларға арналған кішігірм жобаға режиссер ретінде жұмысқа кіріседі. Бірақ түсірілім алаңына тап болған соң, фильм түсіру жоспары қайта туындайды. Бар болғаны сондағы актерлер мен түсірілім командасын көндіру ғана. Кинофильмнің  продюсері, сценарий автор және кинорежиссері Асқар Бисембин. Қоюшы- операторы Виктор Бормотов, композиторы Павел Ли. Республикалық премьерасы 2017 жылдың қараша айының жиырмасыншы жұлдызында орын алды. Данияр Алшынов, Аружан Джазильбекова, Дәурен Айдарқұлов, Жәния Журниская, Еркен Губашев, Марат Алибаев және Филипп Волошин сынды талантты актерлер картинадағы басты кейіпкерелрді сомдап шықты.

«Золотая Орда»

Бұл Аружан Джазильбекова қатысқан алғашқы шетелдік жоба емес. Алайда, ең табысты әрі ауқымды бола білген картинаға жатады. "Алтын Орда" - 2018 жылы түсірілген ресейлік тарихи телесериал. Телехикаяның авторларының айтуынша, олар таризи оқиғаларды қалай бар, сол қалпында түсіруді міндет тұтпаған. Кинофильмдегі оқиғалар кино авторларының фантазиялық ойынан шыққан. Тек ішіндегі кей саханалар мен кейіпкерлердің тарихы шын өмірде болған.  Жалпы кинофильмнің сюжеті XIII ғасырда Алтын Орданың кезеңіндегі уақытта орын алады.

Сценарийдің авторы Ольга Ларионова, ол бұрын соңды  "Старшая жена" және "Гречанка" сериялары бойынша жұмыс істеген, кинофильмнің сюжеттік желісін жазуға екі жарым жылдай уақыт кеткен. Сериал авторларының айтуынша, "Игра престолов" және "Великолепный век" сияқты танымал шетелдік тарихи фантастикалық сериалдардың сюжеттік желісіне ұқсас.  

Авторлар тарихи фактілер мен нақты тарихи тұлғаларға әдейі ұқсатпай, өздерінің ойында жүрген тарихи тұлғалар мен даталарды құрастырған. Сонымен, серияның шығармашылық продюсері Екатерина Денисевич былай деп мәлімдеген болатын:

«Біздің басты кейіпкерлеріміздің бірі — Ұлы Герцог Владимир Ярослав — нақты тарихи прототипі жоқ. Ол Александр Невскийдің әкесі де, ағасы да емес, оны Ярослав деп те атайды — бұл ұжымдық образ, ойдан шығарылған кейіпкер. Біз тарихи кезеңді реставрацияламаймыз, тарихи шындыққа толық сәйкес келуге үміттенбейміз және де оны мақсат етіп те қоймаймыз».

Түсірілім 135 күнге созылды. Түсірілімдер Мәскеу қаласы мен облысында, сондай-ақ Қырымда жалғасты. Серия үшін ортағасырлық Владимир мен князь мұнарасының жиынтық ауданы 5000 м2 болатын декорациялар салынды. Екі мыңға жуық тарихи костюмдер қолданылды. Тарихи картинаның режиссері Тимур Алпатов. Коспозиторы Зиновия Арвантиди. Продюсерлері Рубен Дишдишян, Леонард Блаватник, Нелли Яралова және Елена Денисович. Қоюшы- операторы Морад Абдель Фаттах. Картина  12 наурызда 2018 жылы үлкен экрандардан көрсетілді. Басты кейіпкерлердің рөлдерін сомдаған актерлердің қатарында: Александр Устюгов, Рамиль Сабитов, Юлия Пересильд, Светлана Колпакова, Сабина Ахмедова, Тұрар Мұраталиев, Аружан Джазильбекова, Василий Бочкарев, Евгения Дмитриева, Дина Тасболатова және Сергей Пускепалис бар.

«Композитор»

Қазақстан мен Қытай арасындағы келіссөздердің нәтижесінде түсірілген картина 2019 жылы жарық көрді. Кинолента 1942 жылы орын алады. «Яньань и 8-я армия» деп аталатын деректі фильмге музка жазу үшін қытайлық композитор Сянь Синхай Кеңес Одағына келеді. Бірақ Ұлы Отан соғысының басталуы композитордың діттеген мақсаты музка жазуына кедергі болып, ақыр соңында Сянь Синхай еліне қайта алмай қалады. Алматы қаласында қалып қойған композитор Қазақ радиосы хорының жетекшісі Бақытжан Байқадамовпен достық қарым-қатынас орнатып үлгереді. Кинотуындының жетекшісі Сирзат Яхуп. Сценарийдің авторы Сы У. Продюсерлері: бақыт Қайырбеков, Джонатан Шэнъ, Айрис Ван, Серік Жұбандықов, Елена Белькова, Яо Чунгуан, Зарина Киссикова, Далджит Пармар, Эдуард Пичугин, Мади Жақыпов. Халықаралық премьерасы өткен жылдың 13 сәуір айында өткен болатын. 649 703 АҚШ доллары көлемінде қаражат жиналған Басты рөлдерде: Ху Цзюнь, Юань Цуань, Берік Айтжанов, Аружан Джазильбекова, Сюэ Джу, Диназ Ноорсаиди. АҚШ-та Аружан «Композитор» фильміндегі үздік әйел рөлі үшін Golden Screen Awards сыйлығына ие болды. Бұл қазақ-қытай картинасы осы байқауда тағы үш номинация бойынша марапаттарға ие болды: «Бірлескен өндірістің үздік фильмі», «Үздік ер адам рөлі» және «Үздік музыка» атты марапаттары бар.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы