Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 маусым, 202069

Әсел Сәдуақасовада коронавирус анықталды

Танымал актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова қауіпті инфекцияны жұқтырғанын растады.

Ол туралы кинопродюсер Әсел Сәдуақасова әлеуметтік желілердегі өз парақшасында жариялаған болатын. 

Әсел Сәдуақасова- продюсер, актриса:

"Мен ауырып қалдым. Бұл өте қиын, мен өзімді сонда да саумын деп үміттенген болатынмын. Бірақ, өкінішке орай, жанымдағы басқалардың да сырқаттанып жатқанда ауырмау мүмкін емес. Өтініш, мен үшін дұғада болысаңыздар. Ең бастысы, үйде отырыңыз, мен сияқты қалада емін-еркін жүрмесеңіз екен. Қашықтықты сақтаңыз".

Айта кетейік, Әсел Сәдуақасова қауіпті вирусты жұқтырғандар қатарында продюсер әрі актриса  Әсел Сәдуақасова жалғыз емес. Отандық өнер адмдарының ішінде қауіпті індетті жұқтырған Абдижаппар Әлқожа, актер Дәурен Айдарқұлов және тағыда басқалар бар. Коронавирус симптомдарын байқай қалсаңыз бірден емдік шараларын қолданыңыз дейді өнер жұлдыздары. Әртістердің айтуынша, ең бастысы — үйде болып, қауіпті індеттің алдын алу.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 20 мыңнан асты, бұл ретте симптомсыз инфекция тасымалдаушылар 14,5 мың.

Еске сала кетейік, Әсел Сәдуақасова - он жылдан астам уақыт бойы отандық кинематографиялық және эстрадалық жолда ең талантты қазақстандық тұлғалардың бірі. Жұлдыз өзінің шығармашылық қуатын актерлықта, эстрадалық қызметте, продюсерлікте жүзеге асырады. Қазақстандық өнер иесі 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қыз алты айға толған кезде отбасы Қостанайға көшуді шешті. Осы қалада Әсел мектепте тәлім алады және Музыкалық мектептің фортепиано сыныбында білім алады, көптеген би түрлерін, оның ішінде халық билерін меңгерді. 16 жасында болашақ жұлдыз отбасымен бірге Алматыға көшіп келеді. Бұл жерде қыз интеллектуалды қабілеттері мен шығармашылықта үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік алды. Актриса кастинг өткізілген "Дауыс International" тобына сәтті өтіп, сол құрамда өнер көрсетіп жүрді. Кейіннен Әсел кино саласына бет бұрып, өзін кинода сынап көруді жөн деп шешті. Сөйтіп 2002-2003 жылдары Әсел  Сәдуақасова  актрисалық мансабын бастайды. "Қарлығаш" клипін көрерменге ұсынылғаннан кейін оның талантын режиссер және продюсер Абай Карпыков байқады. Оның сұлулығы мен талантына таң қалған Абай Карпыков қызды "Саранча" сериалына түсуге шақырады. Бірінші актерлік жұмысының табысы қанаттандырды, сондықтан қазір кино шығармашылық әлеуетті жүзеге асырудың басым саласы болды дейді Әсел Сәдуақасова. Ол өзінің болашағын осы өнермен байланыстыруды көздейді. Әсел әртүрлі актерлік рөлдерде кәсіби тәжірибе жинап, өсуді көздеп, армандайды. Бүгінде Әсел-көптеген шығармашылық жобаларға қатысатын танымал әнші және актриса. Омаровамен бірге продюсер ретінде "Дауыс International" тобын басқарады, фотосессиялар ұйымдастырады, альбомдар шығарады және клиптер түсіреді. Ол киноиндустрияда тек актриса ғана емес, ұйымдастырушы, идеялық шабыттандырушы, сценарист және қаржы директоры ретінде күш сынайды. Ол кино саласында Гүлнәр Дусматовамен ("Непобедимый "); Жанат Байжанбаевпен ("Рывок "); Жанна Қуанышевамен ("Он и она ") жұмыс істеу бақытына ие болды. Бұл фильмде Әсел типаж бойынша басты рөлге келді — Райхан есімді қыздар. Жас актриса «Асель, друзья и подруги» жастар сериалына шақырту алады. Бұл қарапайым және өмірдегі шынайы оқиғаларға ие жастар сериалы, онда Сәдуақасова үш жас құрбылардың қарым-қатынасы туралы, олардың өмірдегі қызықты оқиғалары мен сәттері туралы баяндайды. Басты рөлдердің бірі актрисаға екі мың үшінші жылы көреремендер назарына ұсынылған "Жаным 2" телесериалында бұйырды. Әсел сүйкімді Айсұлудың рөлін барынша жеткізу үшін тамаша актерлік қабілеттерін көрсетті. Екі мың төртінші жылдары "Бакалавр" киножобасы түсірілген болатын. Ол картинада Әсел Диананың рөліне сомдайтын болады. 2015 жылдан бастап актриса Әсел Сәдуақасова ‒ режиссер Асқар Бисембинмен бірлесе шығармашылық тандем пайда болды. Ол 2015 жылдың желтоқсан айында прокатқа шыққан "Адель" мелодрамасында басты рөлге түсті. Сонымен қатар, өзі продюсерлік еткен болатын. Әсел Сәдуақасова, бүгінгі күні өзінің инстаграм жеке парақшасында  800 мыңға жуық оқырмандары бар. Оқырмандары мен жанкүйерлері арасында нәзіктігі мен эмоционалдығы жағынан теңдесі жоқ бейнесін қалыптастырып үлгерді. Бұл тәуелсіз, өзіндік ойы бар, талантты және экспрессивті жан, кейіпкер. Өзінің толымды өмір сүруге деген құштарлығымен, өзін-өзі үлкен жетістіктерге жетуге жетелейтін, ұмтылатын жан. Әсел Сәдуақасованың Асқар Бисембинмен бірге түсірген тағы бір туындысы ретінде  "Замуж в тридцать" кинокартинасын айтуға болады. Актриса екі киноленттың сценарийлері оның жеке өмірінен алынған жасырмайды. Олар оның өмірлік сипатын, мақсатшылдығын және өмірлік ұстанымын сипаттайды. Талғат Теменовтың " След на воде" сериалында актриса күрделі драмалық рөлді сомдап шығады. Басты рөлдерден басқа, Садвакасованың фильмографиясында екінші жоспардың, яғни қосалқы рөлдер де, кейіпкерлері де кездеседі. 1949 жылы Қазақстанға ата-анасымен бірге жер аударылған Еврей баласы Сабыр туралы баяндайтын "Подарок Сталину" кинокартинасында Әсел қазақ қызының рөлін сомдады. Әсел Сәдуақасова 2010 жылы "Астана — любовь моя" кинокартинасында; 2010 жылы "Коктейль для звезды" фильмінде; дәл сол жылы "Рывок " сериалдарында бой көрсеткен болатын. Оның ішінде:  2017 жылы көрермен назарына ұсынылған "5 причин не влюбиться в казаха" фильмі түсірілді. "5 причин не влюбиться в казаха" қазақстандық комедиялық фильм. Режиссер Аскар Узабаевтың нұсқауымен түсірілген картина. Фильм 2017 жылдың жиырма жетінші желтоқсанында қазақстандық кинопрокатқа шығып, көрермендердің назарына ұсынылады. Картинаны жарыққа шығарумен "Sunny Production" продюсерлік орталығы "567 Cinema" студиясымен бірге бірлесе отырып түсіреді. Бұл фильмнің сюжеттік желісінде замануи және өз-зіне деген сенімділіг мол Динараның өмірі суреттелді. Ол оқудан кейін шетелдік дәлірек айтқанда Франция мемлекетінің Жюль есімді азаматына тұрмысқа шықпақ болады. Бірақ қыздың отбасы және ата-анасы олардың қарым-қатынастарына риза емес, олар қыздарының қазақ жігітке тұрмысқа шығуын қалайды. Сөйтіп қыз аздап аяла амал әрекетке барады. Қарапайым таксист боп жұмыс істейтін Дарханды күйеу бала ретінде ата-анасымен таныстырмақ болады. Дарханға ақша беріп өте тәрбиесіз, мәнезі жаман жігіттің рөлін сомдауды сұрайды. Динара айтуынша қазаққа ғашық болмаудың кем дегенде нақты  5 себебін атай алады, оның ішінде жалқаулық, мақтану және уақытты тиімді пайдаланбайтындығы және тағы басқаларын жатқызуға болады. Фильмнің Бас продюсері ретінде Әсел Сәдуақасова жұмыс атқарса, картинаның сценарий авторлары Сәбит Рахымбаев пен Әуез Әуезов және Асқар Ұзабаев болды. Режиссері Аскар Узабаев. Қоюшы-Операторы Қазбек Әміржанов ал қоюшы-суретшісі ретінде Әлия Одоаева жұмыс істеді. Жобаның композиторы Павел Ли. Түсірілім он сегізінші мамырда басталып, 2017 жылдың тоғызыншы маусымында аяқталды. Кинолента Алматы және Алматы облысында түсірілген. 2018 жылы "Келинка тоже человек 2" отбасылық картина және де өткен 2019 жылы «Семьянин»  кино комедиясын үлкен экрнадарға жол тартқан болатын. Актриса Әселдің бір ғана "Келинка тоже человек» кинокартинасының өзі ticketon.kz деректері бойынша прокаттың алғашқы үш аптасында-ақ фильм 156 млн теңгені құараған. Картинадағы басты рөлдерді Данагүл Темірсұлтанова, Данияр Алшинов пен Амина Малғаждар. Сондай-ақ, келіннің рөлін әбетте Әсел Сәдуақасованың өзі сомдады. Көптеген фильмдерде, продюсерлік қызметтен басқа, жұлдыз орындаушы ретінде маңызды рөлдерді атқарады. Кинодағы соңғы рөлді қазақстандық ару өткен 2019 жылы «Boy Atbaya» таспасында сомдады. Фильм желісі бойынша Атбай көше бандитінің өмір тарихы жайында баяндалады.  Ол жеңімпаздар алдын-ала алдын-ала шешілген көше шайқасына қатысуға шешім қабылдайды. Бірақ Атбай жеңіске жетуді көздеп отыр, өйткені ол үшін бұл жеңіс – жаңа өмір бастауымен тең, үлкен спортқа оралу және өзінің сүйіктісін қайтару мүмкіндігі. Картинаның режиссері ретінде Әділхан Ержанов еңбек етті. Бас продюсері Әсел Сәдуақасова. Продюсерлер құрамында Серік Әбішев пен Ольга Хлащевалар бар. Сценаристері  Әділхан Ержанов пен Инна Смаиловалар. Операторы Еркінбек Пірәлиев. Фильмнің монтажын жасаған Әділхан Ержанов болды. Қоюшы-суретшісі Ермек Өтегенов болса, дыбысқа жауапты  режиссері: Илья Гариев жұмыс істеді. 

Композиторы Сергей Шегай. Басты рөлдерде: Атбай рөлінде Данияр Алшынов, Әлияны сомдаған Әсел Сәдуақасова, Рафаэль кейіпкерін Санжар Мәди ойнаса, Аиданың рөлі Динара Бақтыбаеваға бұйырған. Кинофильмнің өндірісі бойынша жауапты мекеме Sunny Production, Short Brothers және Arizona Productions болды. Сондай-ақ, Әсел Сәдуақсованың продюсерлігімен түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың " Boy Atbaya" фильмі алтыншы якутиялық Халықаралық кинофестивальдің "Үздік фильмі" атағына ие болады. "Кластастарда" Әсел Сәдуақасова, Дәурен Айдарқұлов, Данагүл Темірсұлтанова, Олжас Жанабеков, Ирина Ажмұхамедова, Марат Достаев, Қайрат Әділгерей, Сая Оразғалиева, Жәния Джуринская және Әсел Қалиевалар басты рөлдерде сомдайды. Идея авторы және сценарист - Әлішер Утев болды. Картинаның режиссері Ернар Нұрғалиев.

Оның "Класстастар" (бюджеті – шамамен 75 млн теңге) және "Жена – не стена " фильмдері прокатқа шыққан болатын. "Класстастар" картинасының желісі бітіруші кеште жыл сайын кездесетін сыныптастар туралы әңгімелейді. Алайда, олар алғаш рет 18 жылдан кейін ғана жиналады. Көп уақыттан кейін алғаш рет бастары қосылған сыныптастар даладағы боранның жалпы қолайсыз ауа-райына байланысты сыныптастар кеш бойы бірге болып, уақытты бірге өткізуге мәжбүр болады. Олар қандай қызықтарды еске алып, айтылмаған сырлары мен жырларын дәл осы кеште паш етуді жөн көреді.

2018 жылы Әсел Сәдуақасованың "Sunny Production" ЖШС мен "Empire Pictures" ЖШС сияқты продюсерлік орталықтарының табысы шамамен 174 млн теңгені құрады. Осылайша актриса қазақстандық Forbes тізімінен жиі шығып тұрады. Қазіргі таңда актриса, продюсер Әсел Сәдуақасоваға мықты денсаулық тілей отырып, қауіпті инфекциядан толықтай айығып кетуіне сенім білдіреміз!

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  365info.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы