Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 тамыз, 202022

Ашық аспан астындағы кинотеатр жұмысы қайта жанданды

Коронавирус пандемиясы жағдайында отандық киносүйер қауымның сұранысы ескеріліп, елдің үлкен шаһарларында ашық аспан астындағы кинотеатрлар жұмыс істей бастады. Күні кеше Елордасы Нұр-Сұлтанда Nur-Sultan Autocinema Festival алаңы өзінің жұмысын қайта іске қосты. Мұндағы  кинофильмдер көрсетілімң авто-кинотеатр форматыда өтеді. Жақын маңдағы күндері көрсетілімдер Қазақстан Республикасының Конституциясына арналады.

Nur-Sultan Autocinema Festival алаңы биылғы жылы көпшілік демалатын орынның біріне айналды. Фестивальде көрсетілген фильмдерді 2000-нан аса автокөлікпен 4000 көрермен тамашалап үлгерді. Елордалықтар мен қала қонақтар назарына ашық аспан астында отандық және шетелдік кинотуындылар ұсынылды.

28 тамыздан бастап күнделікті екі-үш киносеанстан өтіп тұрады. Алғашқысы сағат 20.30-да, екіншісі шамамен сағат 22.30-да басталып отырады. Көрсетілім алаңы Аstаnа Аrеnа стадионының Қабанбай батыр даңғылы жағындағы автотұрақ аумағында орналасқан.

Айта кету керек, эпидемиологиялық жағдай кезінде ұйымдастырушылар көрермендер үшін барлық санитарлық нормаларды қарастырған. Ашық аспан астындағы кинотеатр жұмысы бұл жолы сонымен қатар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік ортағының қолдауымен де жүзеге асуда.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhcinema.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы