Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 тамыз, 2020310

Асқар Бисембин жаңа комедия түсірмек

Отандық киноиндустрияда комедиялық жанрда біршама еңбектері бар, еліміздің белді режиссерлерінің бірі  дарынды киногер  Асқар Бисембин тағы бір жаңа картинаны қолға алмақ. 

  Режиссердің бол жолғы туындысы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асып, түсірілетін болмақ. "Билет из рая" деп аталатын комедиялық  драма отбасылық құндылықтарды дәріптейтін болады. 

    Кинокартинаның сюжеттік желісі бойынша, басты кейіпкер - жас жігіт Мақсат. Ол сүйікті жар және екі кішкентай балғындардың қамқор әкесі.  Мақсат балаларын ештеңеден мұқтаж етпей, барлық жағынан қамтамасыз еткісі келеді. Ол өзінің бұл өмірдегі бірден-бір міндеті отбасына жарқын болашақ сыйлау деп біледі. Ол үшін Мақсат талмай еңбек етіп, қатардағы қызметкерлердің алды болуы шарт. Сол кезде ғана оған логистикалық компанияның бас директорының орынбасары лауазымы қызметі бұйыратын болады. Ол бұл жолда тынбай еңбек етеді. Бірақ, өкінішке орай, барлығыда бұлай сәтті бола бермейді. Орынбасар қызметіне директордың көңілдес әйелі  тағайындалып, Мақсат белді лауазымнан қағылады. Көңілі құлазыған жігіттің алға қойған мақсаттары мен армандарының күл-талқаны шығады. Міне осы жерде нағыз ғажап жағдай орын алады. Қоғамдық көлікте оның қасына бір бейтаныс кісі жайғасады. Ол оның марқұм әкесі болып шығады.  Бұл кездесу Мақсаттың өмірін түбегейлі өзгертеді. 

Картина әке мен балалардың қарым-қатынасын бейнелейді. Туынды отбасындағы жандардың бір-біріне деген қолдауының қаншалықты маңызды екенін, ауыр жағдайларда демеу болатын дұрыс сөздерді айта білуі, әке мен бала бірін- бірі тыңдап, түсіне алуы қажет екендігін көрсетеді. Әрине, режиссердің басты құралы қашанда әзіл болып қала бермек. Өмірлік мән-мағынасы, мазмұны қаншалықты терең болғанымен, әрбір сахнада өзіндік ерекше әзілді кездестіруге болады. Тіпті марқұм әке мен баланың кездескен әсерлі сахнасынан да күлкі мен позитивті жолықтыра аласың. 

Асқар Бисембин - сценарист, режиссер. 1979 жылы 10 мамырда Алматы қаласында туған. Киномен болшағын байланыстыру ойында да болмаған жас түлек мектептен кейін C.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде "психиатр-нарколог" мамандығы бойынша білім алады. Алайда өмір жолын өнерге арнаймын деп шешкен Асқар 2013 жилы белді киногерлер білім алған New York Film Academy оқу орнында режиссерліктің қыр-сырын меңгереді. Бала күнінен әзілге жақын бала болып өскендігі бүгінде режиссерге комедиялық жанрдың жақын болуына өз септігін тигізгендей. Сондай-ақ, ол 1997 жылдан бастап КВН ойындарына белсене қатысып, талай жетістіктерге қол жеткізген. Аймақаралық лигалар ойындарында да өнер көрсетіп үлгерген. Skinny Man Production студиясының негізін қалаушы және жетекшісі. Бүкіл ТМД елдерінде танымал болған ресейлік "Папины дочки",  "Счастливы вместе" және де тағы да басқа картиналардың сценариін жазуға атсалысқан. Асқар Бисембин «Адель», «Свадьба на троих», «Кино по понятиям», «Игрушки» және «ВУЗеры» секілді кинокартиналардың сценарий авторы. «Замуж в 30», «Адель», «Больше чем кино», «Сломленные судьбы», «Свадьба на троих», «NauryZ.kz», «Семейные страсти»,  «Три подружки» және «Наш милый доктор 2» сияқты фильмдерге режиссерлік етіп үлгерген. 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы