Размер шрифта:

Цветовая схема:

06 мамыр, 202050

Astana Film Fund кинокомпаниясы отандық телеарналарға өз фильмдерінің тегін көрсетілімдерін ұсынды

Елде және барша әлемде орын алған жағдайға байланысты көптеген компаниялардың соның ішінде бірқатар киносеріктестіктердің де ұйымдастыруымен әртүрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Мәселен, карантин уақытында республикалық телеарналарға өз кинокартиналарын тегін ұсынған компаниялардың қатарында Astana Film Fund болды.

Еліміздегі бірегей телестудиялардың бірі саналатын Astana Film Fund-тың түсірген фильмдерінің басым бөлігі үлкен экранға жол тартып, көптің көңілінен шыға білді. Ол картиналардың қазір халық арасында сұранысқа ие болуы фильмдердің сапалы түсіргенін көрсетсе керек. Отандық кинематографиямызда хит саналатын кинолар, атақты режиссер “Бизнесмены” және “Районы” сияқты фильмдер мен Руслан Акунның “Каникулы off-line”, Әділхан Ержановтың “Ласковое безразличие мира” киносымен қоса, басқа да картиналары бар.

 

Бизнесмены

 

Оқиға 90 жылдардағы уақытты баяндайды. Үш дос сондай қиын уақытта өз өмірлерін жақсартуды мақсат тұтып, барлығы бірлесіп кәсіп ашпақ болады. Ол кезде бизнесті бастау өте ауыр еді. Көптеген қиындықтар мен тосқауылдарға тап болады. Ал кәсіпте әрқашан тәуекелділікке барып, көп нәрседен бас тартуға тура келетіні жайлы айтылады. Фильмнің кейіпкерлері Қазақстандағы нарықтық қатынастардың бастауында тұрған алғашқы кейіпкерлердің бірі. Тимур Жақсылықовтың сценарийі бойынша түсірілген картинаның ұраны: “Бағасы жоқ заттар бар” деп аталады. Картинадағы басты рөлдерді елге белгілі жас актер Асқар Ілиясов, Айсұлу Азимбаева, Санжар Мади, Дина Тасболатова және Серік Шәріп сомдаған.

 

Районы

 

1987 жыл, Алматы қаласы. Фильмнің басты кейіпкері – Арсен есімді бала. Ол қала сыртынан қоныс аударып, мегаполистегі жаңа мектепке ауысқан 16 жастағы жеткіншек. Жаңа оқу ордасында ол жаңа таныстықтар мен достар табады. Және сол кезде ауданның белсенді жастарының қатарына қосылып кетеді. Сонымен қатар, Арсен ол уақыттағы жасөспірімдердің иерархиясына, алғаш зорлық- зомбылықтың күшіне тап болып, жеткіншектердің аяусыз диктатурасына бетпе-бет келеді. Ал басты кейіпкер Арсеннің алдында тура жолға түсіп, мектепті үздік аяқтау және өзіне адал бола білу немесе сол кездегі қатарластары секілді уақытша нәрсеге қызығып, болашақты бұлыңғыр ету секілді екі жол тұрады. Арсенге бұл таңдау оңайға түспек емес. Картинадағы басты рөлдерді Серік Шәріп, Жандос Айбасов, Данияр Алшынов пен Әсел Сағатова ойнайды.

 

Каникулы оффлайн

 

Фильмнің басты кейіпкерлері 3 дос отандық туризмді дамыту мақсатымен ауылда балаларға арналған лагерь ашуды көздейді. Бірақ оларға ешқандай қаржылық көмек болмағандықтан, жігіттер барлығын өз күштерімен ұйымдастырады. Бірақ олардың бұл жоспары бірден жүзеге аса қоймайды. Лагерьдің қонақтары ерке қалалық балалар болады. Олар ауылдағы жағдайға бірден үйренісе қоймайды. Картина ұлттық салт-дәстүрді жастар арасында дәріптеп қана қоймай, ана тілімізді қадірлеуге, отанды сүйіп, оны қорғауға үйретеді. Отбасылық комедияның негізгі мақсаты осы. Туындыда Мейірғат Амангелдин, Еламан Есентаев, Мағжан Хамит, Ермұрат Ментаев және Бекзат Елеусізов бой көрсетеді.

 

 

Алматы мәдениет басқармасының басшысы, бірнеше фильмдердің продюсері Ернар Құрмашевтың айтуынша бұл киносүйер қауым үшін ерекше жаңалық болары хақ.

 

Ернар Құрмашев, продюсер:

 

“Аталмыш картиналарды Қазақстан телеарналарынан тамашалау орын алған жағдайларға байланысты үйлерінде отыруға мәжбүр болып, кинотеатрларда бос уақыттарын өткізіп үйреніп қалған сүйікті көрермендеріміз үшін жақсы жаңалық боларына сенеміз!”

 

Astana Film Fund түсірген фильмдер "Хабар агенттігі" Ұлттық телекомпаниясы мен “Qazaqstan” Ұлттық телеарнасы эфирлерінде көрсетілетін болады.

 

Әсел Сағатова, белгілі актриса, Astana Film Fund директоры

 

“Осындай дағдарыс сәттерінде бір-бірімізге қолдау көрсетіп, мұндай іс-шаралар ұйымдастырылуы біздің қазіргі жағдайымызда өте қажет дүние. Қазақстандық шығармашылық интеллигенция өкілдері, яғни біздің кинематографисттер әлеуметтік сана мен жауапкершіліктің үлгісі болғанына қарап еріксіз қуанасың”

 

Айта кеткен жөн, бұған дейін отандық киногерлер көрермен үшін республикалық бірқатар телеарналарда тегін көрсетілім жасаған еді. Бұл біздің киноматографиядағы мамандардың бірлігін, олардың кәсібін барынша сүйетінін айқындаса керек.  Мұндай іс-шаралардың арқасында көрермен тек жаңа картиналарды тамашалап қана қоймай, сондай-ақ мағынасы терең, ауқымы кең фильмдерден рухани мол қазына алары сөзсіз.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  culture.akipress.org

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы