Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 наурыз, 2021409

Балаларға арналған анимациялық «Әл-Фараби» мультсериалы жарық көрді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби» мультсериалы телекөрермендер назарына жол тартты. Балаларға арналған анимациялық туынды «Balapan» арнасының эфирінен көрсетіледі.

«Әл-Фараби» мультсериалының әр маусымы 10 бөлімнен тұратын болады. Олардың әрқайсысы 2D техникасында орындалып, ұзақтығы 8 минутты құрайды. Мультхикая ұлы ойшыл әрі философ Әл-Фарабидің балалық шағы мен ғылым әлеміне бет бұратын кезеңін қамтиды. Былайша айтқанда, бұл анимациялық туындыдан балалар дүниежүзінің ғылым саласына қосқан үлесі үшін әлем мойындаған ғалым әрі жерлесіміз болған ұлы тұлға Әбу Насыр Әл-Фарабимен танысуға мүмкіндік алады.  

«Біз балаларға өз елінің тарихын зерттеуге деген ұмтылысты оятып, түркі ғалымы Әл-Фарабидің ғылыми біліміне қызығушылық тудыратын балаларға арналған білім беретін сериал жасауды алдымызға мақсат етіп қойдық», -деп атап өтті «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай.

Жобаның басты мақсаты көне Отырар қаласының тумасы, ұлы ғұлама әрі ағартушы болған Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірін көрсете отырып, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында ғылыми ілім-білімді насихаттау болса керек.   

Айта кетейік, анимациялық «Әл-Фараби» мультсериалы балалар телеарнасында аптаның жұмыс күндері Елорда уақытымен сағат 20:30-да және 23:00-де көрсетіледі.  

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы