Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 қазан, 202023

«Барымташылар. Уақыт жолдары» картинасы франциялық прокатқа шығады

«Барымташылар. Уақыт жолдары» қазақстандық-жапондық фильмі Франция елінде прокатқа шығады. Картина француз көрермендеріне 16 желтоқсан күні жол тартады. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етті.

Қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапондық Лиза Такэбаның бірлесіп түсірген картинасы Тянь-Шань тауының бөктерінде орналасқан шағын ауылда тұрып жатқан жылқы өсірумен айналысып, барымташылардың құрбанына айналатын отбасы жайында баяндайды. Қазақстандық тараптан фильм өндірісімен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы айналысты, жапондар жағынан Tokyo New Cinema компаниясы атсалысты.

Кинолентада Канн кинофестивалінің үздік әйел рөлі сыйлығының иегері Самал Еслямова, танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолда, жас актер Мәди Менайдаров пен атақты жапондық актер Мирай Морияма бас рөлдерді сомдайды.  

«Кинокартина Бусан, Токио, Гетеборг, Шанхай және Хельсинки кинофестивальдеріне қатысып үлгерді және жақын арада Cottobus неміс кинофестивалі мен Торонтодағы Азия киносының Халықаралық кинофестивалінің конкурсында көрсетілетін болады», - деп хабарлайды «Қазақфильм».

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы