Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 тамыз, 202067

Жас кинематографистерге арналған байқау

Гете Институты және ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйымдасуымен қазақстандық жас кинематографистерді қолдау мақсатында 2020 жылдың 12-14 тамыз аралығында байқау өтеді.

Гете Институты және ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйымдасуымен 2020 жылдың 12-14 тамыз аралығында онлайн режимінде өтетін неміс киноэксперті Дмитрий Поповтың "Киносценариймен жұмыс: батырлық, үш актілі құрылым, сахна және диалог" атты онлайн-воркшопына қатысуға конкурс жарияланды.

Бұл білім беру жобасы Ең белсенді және дарынды жастарды кино әлеміне тартуға, сондай-ақ озық білім мен технологиялар трансферті жүзеге асырып, дамытуға жасалынып отырған маңызды қадамдардың бірі.

Байқауға жұмыс тәжірибесі бар студенттер де, киноиндустрияда енді ғана дамып келе жатқан кинематографистер де қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: masters@kazakhcinema.kz .Конкурстық өтінім мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс:

аты-жөні, тегі;мамандығы, курсы, ЖОО;қысқаша өмірбаяны;іске асырылған жобалар тізімі (дебюттік жұмыстар болған жағдайда);мотивацияЕске сала кетейік, воркшопқа қатысу тегін.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 17 шілде 2020 ж.

Ескерту: дедлайннан кейін ұсынылған өтінімдер конкурсқа қатысылмайды.

Байқау қорытындысы бойынша онлайн-воркшопқа барлығы 12 адам іріктеледі. Іріктеуден өткен қатысушылардың аты-жөні 2020 жылдың 1 тамызында сайтта жарияланады  www.kazakhcinema.kz.

Конкурстың негізгі міндеттері:

Жас кинематографистерге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету және қолдау шаралары;Жұмыс жүргізудің жаңа әрі тиімді нысандары мен әдістерін іздеу және жастарды киноиндустрия саласына тарту;Кино саласындағы озық жұмыс тәжірибелерімен бөлісу және конкурсқа қатысушыларға олардың болашақ жобаларын іске асыруға барынша көмек және қолдау білдіру.- Киноорталық қазақстандық кинематографистер үшін халықаралық білім беру бағдарламаларын дамытуды, біліктілікті арттыруды және тәжірибе алмасуды өзінің маңызды міндеті деп санайды, - дейді "ГПНК" КЕАҚ халықаралық стратегиясының кураторы Анна Качко. Қазақстандағы халықаралық сарапшылардың шеберлік сыныптары мен воркшоптарын өткізуге мүмкіндік болмай, бүгінгі орын алған жағдайларға қарамастан, онлайн кеңістік "Үйден шықпай-ақ" деп аталатын бірлескен жұмыс, даму және білім беру үшін тамаша мүмкіндіктер беріп отыр. Қазақстандағы Гете институтының жұмылған еңбегінің арқасында, Германиядан келген өте қызықты  әрі тәжірибелі кино кәсіпқойы, Мюнхен университетінің оқытушысы, сценарийлік жұмыс тәжірибесімен бөлісетін алғашқы воркшопты ұсынамыз. Ұйымдастырушылар Қазақстандық көптеген бастаушы кинематографистері үшін қызықты әрі пайдалы ақпарат болатындығын айтады. Конкурсты өткізу тәртібі туралы қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 701 971 11 17.

Дмитрий Попов-режиссер, сценарист және продюсер. ВГИК сценарий-кинотану факультетін бітіргеннен кейін "Мосфильм" киностудиясында, "Кино өнері" журналында редактор болып жұмыс істейді, "Огонек" журналының мәдениет бөлімі редакторының орынбасары қызметінде еңбек етті. 1991 жылы Германияға қоныс аударып, "Азаттық радиосы" Орыс қызметінің редакторы болып жұмыс істеді. Мюнхендегі жоғары теледидар және кино мектебінде білімін жалғастырған. Неміс киносының экспорттық Одағында, UFB Teleconsulting Медиа агенттігінде, Blue Eyes Fiction киноөндірістік компаниясында және Focus журналында жұмыс істейді. MDR және ARTE телеарналары үшін бірнеше деректі фильмдер түсіреді. 2011 жылдан бастап Мюнхендегі Fresenius университетінде сабақ береді. 2016 жылдан бастап Медиадизайн және коммуникация профессоры. Медиа және коммуникация менеджменті (B. A.), Motion Design & Management (B. A.), Digital Management (M. A.) факультеттерінің деканы.

Гете институты-Германия Федеративтік Республикасының мәдениет мекемесі, университет филиалдары әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейді. Оның қызметі неміс тілін шетелде танымал етуге және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Гете Институты Германияның мәдени, қоғамдық және саяси өмірі туралы өзекті ақпараттармен бөлісіп отырады. Бұл өз кезегінде мемлекет туралы бүкіл әлемде объективті түсінік қалыптастыруына үлкен әсерін тигізеді.

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  sites.google.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы