Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 тамыз, 2020426

BASpro киностудиясы жаңа жоба бастады

Еліміздегі белді киностудиялардың бірі саналған Bas Production тағы бір жаңа картинаның түсірілімдеріне кірісіп кетті.   Бұл жолы “Сәке” деп аталатын хикая несімен ерекшеленеді екен? Жаңа туындыны қашан көгілдір экраннан тамашалай аламыз?

Bas Production киностудиясы отандық телевизиямызда және киноиндустриямызда талай қызықты жобалар мен картиналарды халық назарына ұсынып келе жатқан танымал кино мекен. Бүгінгі таңға дейін студия отандық киноиндустрияға “Өз үйім”, “Бақытсыздар бағы”, “Патруль”, “Ауылдастар”, “Бәсеке”, “Вузеры”, “47 баланың анасы”, “Соққы” және “Қыз қиялы” сынды телехикаялар мен жобаларды түсірген. Сондай-ақ, продакшн өндіретін талантты актерлер әрі сценарийстер Марат Оралғазин және Еркебұлан Мырзабек жүргізетін, көрерменнің сүйікті телебағдарламасына айналған “ҚызықTimes” және “Қызық Премия” сияқты телевизиялық жобалар өз қатарында үздіктердің бірі болып келе жатыр. 

Бұл жолы Bas Production киностудиясы тағы бір су жаңа телесериалдың түсірілімдерін бастады. Бұл туралы продакшн инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында және студияның директоры әрі бас продюсері Ақылбек Досжанов өзінің жеке аккаунтында жария етті. “Сәке” деген атау берілген картинаның сюжеттік желісі шенеуніктің өмірі туралы болмақ. Кинокартинаның сценарий авторы ретінде Исхакбаев Ильхан жұмыс істеген. Жоба талантты жас киногер Олжас Нұрбайдың режиссерлігімен түсіріледі. Олжас Нұрбай Халықаралық кинофестивальдердің номинанты және лауреаты атанып біршама отандық картиналарда бой көрсеткен. Белді актер ең талантты киногерлердің шоғырланған мекеніне айналған New York Film Academy оқу орнының түлегі атанғаннан кейін, елге оралып сапалы киноларды түсіруді қолға алады. Бүгінгі күнге  дейін Олжас “Соққы”, “Абысындар”, “Күрес” және “47 баланың анасы” атты жобаларға режиссерлік етіп үлгерген. Жаңа “Сәке” картинасының қоюшы- операторы Сатбек Бақыт, ал жоба продюсері ретінде Ақылбек Досжанов еңбек етеді. 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы