Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 қараша, 2020373

Баян Алагөзова тұңғыш авторлық фильмін түсірмек

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова өзінің алғашқы авторлық фильмін түсіргелі жатыр. Ол үшін киногер краудфандинг жариялайды. Бұл туралы Баян Мақсатқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Авторлық жоба тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналады. Продюсер атап өткендей, сценарийге негіз болатын хикая өз отбасында психологиялық, экономикалық және физикалық зорлық-зомбылыққа тап болатын миллиондаған әйелдердің оқиғасын баяндайды. Сондықтан мұндай шынайы фильмді цензурасыз көрсетудің жолын картина демеушілері ресми ведомстволар мен инвесторлар емес, аналары, әпкелері мен құрбыларының осындай жағдайға тап болуына шыдамайтын қарапайым адамдар болса ғана мүмкін болмақ дейді.

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын! Бұл ақиқатты фильмде көрсетудің бір ғана жолы бар. Мен өз оқырмандарымнан және еліміздегі әйелдердің жағдайына байланысты бей-жай қарамайтын барлық жандардан көмек сұраймын. Фильмді түсіруге краудфандинг жариялаймын. Әр қазақстандық фильмнің титрінен өз атын таба алады. Қанша қаржы аударатыныңыз маңызды емес. Бастысы, сіз бұл қатігездікке бей-жай қарамай, онымен күресуге дайынсыз», - деп жазады продюсер Инстаграм парақшасында.

Жиналатын қаржы – 100 миллион теңге. Продюсердің хабарлауынша, түсірілім аяқталғаннан кейін фильмге кеткен барлық шығындар бойынша есеп беріледі. Айта кетейік, продюсер Баян Алагөзованың түсіргелі отырған тұңғыш авторлық фильмінің режиссері Асқар Ұзабаев болмақ. Сценарийін жазған- Асқар Ұзабаев пен Әсем Жапишевалар.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы